Жаңалық

Назар аударыңыз, сібір жарасы!

Сібір жарасы ошақтық жұқпа болғандықтан, аурудың бұрқ ету жағдайлары республика көлемінде жыл сайын тіркеліп отырады. Өңірде соңғы рет сібір жарасының 3 жағдайы Кербұлақ ауданында 2016 жылы анықталған, адам өлімі болған жоқ.

Өңірде 97 стационарлық — қолайсыз пункт, 134 топырақтық ошақ бар. Координаттары GPS навигатор көмегімен анықталып, қоршалып, «Сібір жарасы» деген жазуы бар тақтайшалар ілінген»,- деп атап өтті Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Меруерт Амангелдіқызы.

Сібір жарасы – аса қауіпті зоонозды ауру. Сондай-ақ спора түзуші бактерия. Споралар топырақта100 жылға дейін немесе одан да көп тіршілік ету қабілетін сақтайды. Инфекцияның бұл түрі көбіне шөпқоректі жануарларды зақымдайды. Ал, адамдар дертті ауру жұқтырған жануарлардан немесе олардан алынатын өнімдерден жұқтыруы мүмкін.

«Сібір жарасының алдын алу үшін рұқсат етілмеген сауда орындарынан, ветеринариялық таңбасыз ет сатып алмаңыз және сатушылардан ветеринариялық ілеспе құжаттарды сұраңыз. Мал қораны тазалаған кезде, терімен, жүнмен және т.б. жұмыс істегенде арнайы қорғаныс киімдерін киіп, сақатаныңыз», — дейді ол.

Жалпы, адамдар мен жануарларды сібір жарасына қарсы  вакцинациялау маңызды. Сібір жарасына қарсы жоспарлы егу жұмыстары келесі топтағы тұрғындар арасында жүргізіледі:

  • мал сою цехтары мен ет комбинаттарының қызметкерлері;
  • ветеринариялық клиникалардың дәрігерлері мен персоналы;
  • жануарлардың терісі мен жүні өңделетін кәсіпорындардың қызметкерлері;
  • сібір жарасын диагностикалаумен және зерттеумен айналысатын зертханалардың қызметкерлері.

 

 

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында су тасқыны кезіңіне дайындық басталды

Алматы облысы ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Дәурен Азаматов облыс әкімінің қаулысына сәйкес 19 ақпанан бастап өңірде су тасқыны кезеңіне жоғары дайындық режимі басталғаны туралы Өңірілік коммуникациялар қызметінің ақпараттық
Жаңалық

Кене энцефалиті

Кене энцефалиті – вируспен шақырылатын, бас миының және жұлынның зақымдалуымен өтетін табиғи-ошақтық ауру. Жетісу облысының Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары кене энцефалитінен эндемиялық аймаққа жатады.
Жаңалық

Китайские инвесторы запускают проект по производству алюминиевых профилей в Алматинской области

В Алматинской области запланировано реализация нового инвестиционного проекта по производству алюминиевых профилей, окон и дверей с участием инвесторов из Китая. Для обсуждения деталей этого важного проекта директор Палаты предпринимателей «Атамекен»
Жаңалық

Алматы облысында ұялы байланыс пен интернеттің сапасын арттыру шаралары күшейтілуде

Тұтынылатын трафик көлемінің ұлғайып, интернет сапасының төмендеуіне байланысты тұрғындардан шағым түсетіні белгілі. Бұл мәселені шешу үшін байланыс операторларының базалық станцияларын тұрақты негізде ұлғайтып, жаңа желілер салу қажеттілігі туралы Өңірлік коммуникациялар