Қоғам

Түнде амбулатория жұмыс істемейді: Балқаш ауданында дәрігер тапшы

Бұл туралы өңірге жұмыс сапарымен келген мәжілісмендердің Балқаш ауданы халқымен кездесуінде мәлім болды.

Ақдала ауылында бүгінде бір ауысымда 30 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүріп жатыр. Былтыр басталған медициналық мекеменің құрылысы биыл пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Мердігер компания өкілінің айтуынша, ФАП-ты заманауи жабдықтармен жабдықталмақ. Бірнеше мамандандырылған көмек кабинеттері болады. Десе де ауданда дәрігер тапшы. Себебі жас мамандардың мұнда келуі қиын.

Дәл осындай мәселе Бақбақты ауылында да өзекті. Тұрғындар жергілікті амбулатория түнде жұмысын тоқтатқанын айтып шағымданды. Себебі, дәрігерлер мамандардың жетіспеушілігіне байланысты аудандық ауруханада кезекшілік етіп, артық жүктемемен жұмыс істейді. Осы орайда депутат Мақсат Толықбай өз ұсынысын білдірді.

«Ауылда жұмыс істейтін жас дәрігерлерге 10 миллион теңге көлемінде көтерме жәрдемақы беру – біздің уәделеріміздің бірі. Бұл AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасында жазылған. Бастама барлық өңірде қолдау тапты. Бұл медицина мамандарының тапшылығы мәселесін түбегейлі шешуге мүмкіндік береді. Осы уәдені тезірек іске асыруы үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Бұл шаралар ауылға маман шақыртуға түрткі болмақ», – дейді депутат.

Айта кету керек, қазіргі уақытта еліміздегі ауылдарға 1 мыңнан аса дәрігер жетіспейді.

Related Posts

Қоғам

Талдықорғанда контрафактілік өнімдер анықталды

Әділет департаментінің қызметкерлері жыл басынан бері «Контрафактілікке жол жоқ!» республикалық акциясы аясында Талдықорған қаласындағы ірі сауда орындарына 6 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 100-ге жуық контрафактілік өнім сатылымнан алынып, сауда нүктелерінің иелері
Жетісу облысы

ТҰҢҒЫШ «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» ДАУЫС БЕРДІ

Талдықорғанда Әлем кубогінің күміс жүлдегері, тұңғыш «Қазақстан Барысы» атанған Ұлан Рысқұл өз таңдауын жасады. Референдумға жетісулық Рысқұл Ұлан №349 дауыс беру учаскесіне барып дауыс берді. Рысқұл Ұлан дзюдодан Қазақстанның үш
Жетісу облысы

Кезекті ұтыс сертификаты табысталды

Үшарал қаласы №47 дауыс беру учаскесіне 100-ші болып дауыс берген Үшарал қаласының тұрғыны Эльмира Солтанбекова «Tobiko fast food» сертификатын ұтып алды. Ал Сымбат Тұрароваға дауыс бергені үшін «Tobiko» кафесінен арнайы
Жетісу облысы

Балалардың құқықтарын қорғауды басымдықта нығайту: Қазақстан зорлық-зомбылықпен күресуге және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде

Қазақстандағы соңғы оқиғаларды ескере отырып, балалардың құқықтарын қорғау мемлекеттік органдардың назарында қалатынын атап өту маңызды. Қазақстан өзінің әлеуметтік-құқықтық саясаты шеңберінде балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды басым міндеттердің бірі ретінде таниды.