Жетісу облысыҚоғам

ТҰҢҒЫШ «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» ДАУЫС БЕРДІ

Талдықорғанда Әлем кубогінің күміс жүлдегері, тұңғыш «Қазақстан Барысы» атанған Ұлан Рысқұл өз таңдауын жасады.


Референдумға жетісулық Рысқұл Ұлан №349 дауыс беру учаскесіне барып дауыс берді.

Рысқұл Ұлан дзюдодан Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы, Әлем кубогінің күміс жүлдегері. «Қазақстан Барысы» турнирінің тұңғыш жеңімпазы дауыс беріп, өз пікірін білдірді.

«Еліміздің өсіп-өркендеп дамығанын қалаймын. Сондықтан ел ертеңіне бей-жай қарамай, даму жолындағы тың бастамаларды қолдау үшін  келдім. Таңдау жасадым. Бүгінгі күн барлығымыз үшін маңызды. Барша қала халқын референдумнан қалыс қалмауға шақырамын»,- деді чемпион.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында адам папиллома вирусына қарсы екпе жүріп жатыр

Бұл шара қыздардың денсаулығын қатерлі ісіктің ең қауіпті түрінен қорғауға бағытталған. Осындай мәліметпен Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев бөлісті. Қазіргі уақытта өңірге вакцинаның 12 мыңнан астам дозасы
Қоғам

Азаматтарға жаңа тұтынушылық кредит беруге тыйым салынатын заң жобасы әзірленді

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірленді.
Жетісу облысы

Талдықорған қаласы Мансап орталығының көмегімен 929 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған

Жыл басынан Талдықорған қаласының мансап орталығына 827 адам жұмысқа тіркелді. Жұмыспен қамту саласында бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыратын орталықтың алты айлық жұмыс нәтижесімен өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз брифингінде Талдықорған
Жетісу облысы

Жетісуда 21 мыңнан астам адамды тұрақты жұмысқа орналастыру жоспарлануда

Биыл «2024 жылға арналған өңірлік жұмыспен қамту картасы» шеңберінде 33,5 мың адамды, оның ішінде 21 мың азаматты тұрақты жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Тұжырымдама аясында және бос жұмыс орындары есебінен осы жылы