Жетісу облысыҚоғам

Жетісуда 21 мыңнан астам адамды тұрақты жұмысқа орналастыру жоспарлануда

Биыл «2024 жылға арналған өңірлік жұмыспен қамту картасы» шеңберінде 33,5 мың адамды, оның ішінде 21 мың азаматты тұрақты жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Тұжырымдама аясында және бос жұмыс орындары есебінен осы жылы 23 мың адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» көрсеткіші бойынша жоспар 9 мыңнан астам адамға жетті. Сондай-ақ 1168 азаматқа шағын несие беру жоспарда бар.
Облыста халықтың нысаналы тобына жататын жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан жұмыссыздардың осы санатынан 10 мыңнан астам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды.
Оның ішінде 4,1 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Олардың 2082-сі – әйел, 1445 – жастар, 92-сі – жарымжандылар және бас бостандығынан айырылған бір адам. Қолданыстағы заңнама шеңберінде жергілікті атқарушы органдар жыл басынан бері Талдықорған қаласы мен Кербұлақ ауданында мүгедектігі бар адамдар үшін жалақысын ішінара субсидиялай отырып, 3 арнайы жұмыс орны құрылды.
Биылдан бастап 18 жастан асқан бірінші топтағы мүгедектігі бар жандарды санаториялық-курорттық емделу кезінде алып жүру үшін жеке көмекшілерге 55 АЕК (203 060 теңге) көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек бекітілді. Сондай-ақ, облыста алғаш рет 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларға 6 АЕК (46,7 млн теңге) көлемінде біржолғы ақшалай көмек көрсетіледі.
2023 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Талдықорғанда алғаш рет «Мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жүріп-тұру құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету» жобасы жүзеге асырылып, оң нәтиже берді. Барлығы 435 мүгедектер арбасы жөнделді. Биылғы жылы бұл мақсаттарға 6,7 млн. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында 32 мыңға жуық тұлға декларациялаудан өтті

Бүгінгі таңда Жетісу облысындағы кірістерді декларациялау жүйесіне 118 мыңға жуық жеке тұлға кірді. 2024 жылдың басынан бастап кірістер мен мүлік туралы Декларацияда көрсету үшін ақпарат тізбесі қысқарды. Енді жеке тұлғалар
Қоғам

Қаскелеңде қаңғыған иттер тұрғындарды мезі етуде

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» фракциясының мүшелері Жанарбек Әшімжанов, Мақсат Толықбай, Максим Рожин AMANAT партиясының Қарасай аудандық филиалында қоғамдық қабылдау жүргізді. Қаскелең тұрғындары соңғы уақытта көшеде еркін жүріп-тұрудан қалған. Халық
Жетісу облысы

Қаратал ауданында ауыз сумен жабдықтау мәселесі шешілуде

Қаратал ауданының әкімі Ұлан Досымбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуымен және алдағы жоспарларымен бөлісті. Қаратал ауданы бойынша 35 елді мекенінің 33- і орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған. 2023 жылы Тастөбе,
Жетісу облысы

Қызылтастағы петроглифтердің қазіргі жағдайы

«Темір» карьеріне баратын грунттық жолды салу барысында жолдың бойында орналасқан археологиялық қорғандардың сақталуына қатер төңгені белгілі болды. Бірақ облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталықтың араласуымен ескерткіштерге зиян тигізетін жұмыс түрлері