Қоғам

Азаматтарға жаңа тұтынушылық кредит беруге тыйым салынатын заң жобасы әзірленді

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірленді.

Мәжіліс депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Татьяна Савельева заң жобасы жайлы айтып берді.

«Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» Қазақстан халқына Жолдауын және экономиканың нақты секторына кредит беруді кеңейту және халықтың кредитін төмендету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Президентінің 2023 жылғы 10 наурыздағы №140 Жарлығын іске асыру үшін Парламент депутаттарының бастамасымен «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі», — деді Савельева.

Заң жобасы мыналарды көздейді:

• Кредит төлеу мерзімі өтіп кеткенде азаматтарға жаңа тұтынушылық кредит беруге тыйым салу;
• 90 күн өткеннен кейін барлық кредит бойынша сыйақы есептеуге тыйым салу;
• банктердің және МҚҰ-ның коллекторлық агенттіктерге азаматтардың кредитін сатуына шектеу;
• коллекторлық агенттіктердің сатып алған берешекті реттеуді жүргізу міндетін енгізу;
• қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі НҚА сәйкес тұтынушылық қарыздың мерзімі, сомасы және өзге де шарттары бойынша шектеулер белгілеу;
• кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды жылыту маусымында жалғыз баспанасынан шығаруға тыйым салу.
• банктерге өндіріп алу нәтижесінде банктің меншігіне өткен тұрғын үйді бұрынғы иесіне (қарыз алушыға) жалға беруге мүмкіндік беру;
• төлем талабын қойған кезде банктік шотта кемінде 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі (прожиточный минимум) мөлшерінде ақшаны сақтау;
• кредит алудан ерікті түрде бас тартқан жағдайда азаматтардың кредиті бойынша борышты есептен шығару.

«Бұдан басқа, заң жобасында өзгерістер енгізуді көздейтін нормалар бар: Қылмыстық кодекс және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс: «Жеке деректерді сатқаны, абоненттің нөмірін ауыстырғаны және абоненттік нөмірді басқа тұлғаларға заңсыз бергені үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті белгілеуге қатысты». Депутаттар бастамашылық еткен заң жобасы бойынша Үкіметтің қорытындысы 2023 жылғы 12 қарашада алынды. Бастамалардың көпшілігі қолдау тапты. Бірақ кейбір тұжырымдамалық ұстанымдар бойынша, атап айтқанда коллекторлық компанияларға қарыздарды сатуға тыйым салу бойынша Үкімет депутаттар келіспейтін және жұмыс топтарында осы норманы енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыратын балама ұстаным ұсынды.Бұдан басқа, осы Заң жобасы бойынша жұмыс тобы шеңберінде қаралатын халықтың несиесін төмендету бойынша өткен парламенттік тыңдауларда айтылған тағы да бірқатар маңызды мәселе бар», — деді ол.

Related Posts

Жетісу облысы

Сарқан ауданы тұрғындарына қолайлы жағдай жасалуда

Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйіне саялы Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Маманбаев келіп, өлкенің соңғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық қорытындысымен бөлісті. «Ауданымыздың ауыл шаруашылығының өсерін молайту барысында өткен жыл басынан 128 дана
Қоғам

Жер аманаты: Алматы облысында 213,5 гектар жер телімі халыққа пайдалануға берілді

Бұл туралы «Жер аманаты» республикалық комиссиясының өңірдегі көшпелі отырысында айтылды. Алматы облысына жұмыс сапарымен келген партияның Атқарушы хатшысы, «Жер аманаты» комиссиясының төрағасы Дәулет Кәрібек, комиссия төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаты Бақытжан
Жетісу облысы

Жетісу облысында жыл басынан 5 мыңнан астам ит ауланды

Биыл Жетісу облысында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңға сәйкес 5 бюджеттік бағдарламаны іске асыру үшін 178 млн.теңге қаражат бөлінді. Оның 98,6 млн. теңге сомасына қаңғыбас жануарларды аулау, жансыздандыру, вакцинациялау, стерильдеу
Жетісу облысы

ҚМДБ биылғы пітір садақаның мөлшерін 640 теңге деп бекітті

Биыл мұсылмандар үшін қасиетті ораза 11 наурызда басталады. Сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. Отыз күндік ораза сәуірдің 9-ы аяқталып, 10 сәуір – айт мерекесін тойлау