Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында жыл басынан 5 мыңнан астам ит ауланды

Биыл Жетісу облысында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңға сәйкес 5 бюджеттік бағдарламаны іске асыру үшін 178 млн.теңге қаражат бөлінді. Оның 98,6 млн. теңге сомасына қаңғыбас жануарларды аулау, жансыздандыру, вакцинациялау, стерильдеу  және бірдейлендіру  секілді 5 бағдарлама бойынша қызмет көрсетушілер анықталды. Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Асхат Базилов БАҚ өкілдерімен кездесуде айтты.

«Бүгінде Жетісу облысында типтік питомниктер, жануарларды ұстауға арналған баспаналар жоқ. Уақытша  ұстау пункттері әр ауданда және қалаларда бар. Қазіргі уақытта қоршаулардың жалпы саны — 216. Облыста барлығы 3,93 га жер учаскесі бөлінген, бұл учаскелерге жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда», — дейді Асхат Базилов.

Жыл басынан «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңын орындау мақсатында аудан, қала аумақтарындағы қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары  бойынша  жыл  басынан  5951  қаңғыбас ит пен 22 мысық ауланды, ал 41 иелеріне қайтарылды. 723 қанғыбас итке вакцинациялау және стерилизациялау қызметі көрсетілді. Ізгілік жолмен 5104 қаңғыбас ит мысық  жансыздандырылды.

Мәлімет үшін, облыста адамдар арасында құтырма ауруы тіркелген жоқ. Алайда Ақсу,  Қаратал және Кербұлақ аудандарында ауыл шаруашылық малдар мен жабайы аңдар арасында құтырманың 11 күдікті жағдайы тіркеліп, оның 6-ы зертханалық жолмен расталған.

«Әр жыл сайын жануарлардан жарақат алудың 1500-1700 жағдайы тіркеледі. Жыл басынан 776 адам жануардан алған әртүрлі жарақатына байланысты медициналық көмекке жүгінген. Жарақаттың 645-і жалпы иттен болса, қалған 299-ы қаңғыбас иттерден болған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда зардап шеккендердің саны  820-дан  776  адамға дейін төмендеді», — деді Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Күнбасова.

Қаңғыбас  иттерден жарақат алғандардың ең көп саны Кербұлақ ауданы мен Талдықорған және Текелі қалаларында тіркелген.

«Жетісу облысында үй жануарларын вакцинациялауды, қаңғыбас иттер мен мысықтарды бақылауды, сондай-ақ  жануарлармен қауіпсіз өзара іс-қимыл бойынша оқыту іс-шараларын жүргізуді қоса алғанда, құтырудың алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде», — деп атап өтті спикер.

Жергілікті  билік  барлық  тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға және тістеген жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінуге шақырады.

 

 

Related Posts

Қоғам

Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы – 2023» жастар сыйлығы

Жетісу өңірінде ең креативті, бастамашыл және дарынды жастар таңдалмақ. Облыс әкімінің жыл сайынғы «Көшбасшы-2023» сыйлығына іріктеу және ұсыну бойынша өтініштер қабылдау мерзімі  қараша айының 20-сынан басталды. Қатысу шарттары мен ережелерін
Қоғам

Соңғы 10 айда Жетісу облысында 700-ден астам адам АИТВ инфекциясын жұқтырған.

Дүниежүзілік ЖИТС(жүре пайда болған иммун тапшылығының синдромы)-ке қарсы күрес күні жыл сайын 1-ші желтоқсанда атап өтіледі. Үрдіске Жетісу өңірі де қосылып, 2023 жылдың 20-шы қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында онкүндік
Жетісу облысы

Жетісу облысында шетелдік көліктерді заңдастырудың нәтижесі шықты

Облыста көліктерді заңдастыру жұмыстары бір жыл бұрын басталған. Осы уақыт ішінде E-gov электронды порталы арқылы шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыруға көлік иелерінен 3534 өтініш келіп түскен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің
Жетісу облысы

Жетісу өңірінде ветеринария саласында заманауи технологиялар енгізілуде

Жетісу облысында 1010 ветеринар маман еңбек етуде, олардың 10-ы ветеринарлық станцияларда, ал 118-і ветеринарлық пункттерде қызмет атқарады. Бұл туралы Жетісу облысы Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Дархан Әбілбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің