Жетісу облысыҚоғам

Бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданудың ерекшеліктері мен шарттары

Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану тәртібі қаралды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі 190-нан 364-ке дейін кеңейтілді. Бұл режимді жылдық табысы 600 мың АЕК-тен аспайтын және жұмыскерлер саны 200 адамға дейінгі бекітілген тізбеге кіретін қызметті жүргізетін салық төлеушілер қолдана алады.

Бөлшек салық үшін арнайы салық режимі ҚР Салық кодексінің 687-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес жеке түр ретінде енгізілді және шағын бизнес субъектілері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін арнайы салық режимінен ерекшеленеді.

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бөлімінің басшысы Ринат Жамаубаев атап өткендей, жаңадан құрылғандарды қоспағанда, салық төлеушілер белгіленген шарттарды сақтай отырып, бөлшек салықтың арнайы салық режиміне — жалпы белгіленген салық салу тәртібінен немесе өзге де арнайы салық режимінен ауысуға құқылы.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісулық дәрігерлер екі баланың өмірін құтқарып қалды

Көпсалалы облыстық балалар ауруханасына 27 наурыз күні 3 жасар екі бала әртүрлі дене жарақатымен түскен. Бірі 4-қабаттан құлап, ауыр жарақат алса, екіншісі септикке түсіп кеткен. Мамандар шұғыл әрекет етіп, дер
Жетісу облысы

ЖАҢА БОСАНҒАН АНА ДАУЫС БЕРДІ

Референдум күні жаңа босанған ана Мөлдір Амангелдіқызы жылжымалы  жәшік арқылы өз таңдауын жасап, дауыс берді. Үшарал қаласының әкімі М. Сайдильдинов Мөлдір Амангелдіқызын құттықтап, гүл шоқтары мен арнайы сый-сияпат тарту етті.
Жетісу облысы

Жетісу облысы Әділет департаменті: Жыл қорытындысы және «Робот сот орындаушы» жобасын енгізу

2024 жылы Әділет департаменті шалғайдағы ауылдық елді мекендерде 65-ке жуық «Құқықтық кабинетін» ашты, бұл жергілікті тұрғындар үшін құқықтық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етті. Бұл туралы облыстық Әділет департаментінің басшысы Ержан
Қоғам

Жетісуда жол апатынан 123 адам қаза тапты

Әлемде жыл сайын жол-көлік оқиғаларының саны артып келеді. Бұл зардап Қазақстанның да осал тұсы. Өткен жыл қорытындысымен салыстырғанда еліміздегі жол апаты көрсеткіші 9 пайызға дерлік өскен. Сондай-ақ  Жетісу облысы да