Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысының аумақтық қорғаныс бригадасы келісімшарт бойынша әскери қызметке кандидаттарды қарсы алады

Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында келісімшарт бойынша әскери қызметке шақыру туралы баспасөз мәслихаты өтті. Жетісу облысы аумақтық қорғаныс бригадасының 99285 әскери бөлімінің командирі Бағлан Чегебаев пен әскери бөлім командирінің көмекшісі Бақытжан Тұрсынов бұл шақырудың маңыздылығы туралы айтып берді.
Спикердің айтуынша, келісімшарт бойынша әскери қызметке үміткерлер қажетті жеке, моральдық және кәсіби қасиеттерге, білім деңгейіне ие болу, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды болу, курсанттарды, кадеттерді қоспағанда, он сегіз жастан кіші болмау және олардың әскери қызметте болудың шекті жасына толуы керек. Әр түрлі әскери атақтарға қызмет ету уақыты әр түрлі, аға офицер немесе жоғары сержант үшін 5 жастан бастап, қатардағы және кіші сержанттар үшін 12 жыл 6 айға дейін келісімшарт жасалады.
Қазіргі уақытта келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің 10%-дан астамын әйелдер құрайды. Әйелдер операторлардың, байланысшылардың, дәрігерлердің, қаржыгерлердің лауазымдарына және басқа да мамандықтар бойынша лауазымдарда әскери қызмет өткереді.
Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін қажетті құжаттарды қабылдау, медициналық куәландырудан өту, дене шынықтыру дайындығы деңгейінің сәйкес келуін анықтау, кәсіби даярлық деңгейін және тағайындау үшін қаралып отырған әскери лауазым әскери-есептік мамандығының сәйкес келуін айқындау, психологиялық тұрғыдан жарамдылыққа тексеруден өтуді қамтиды.

Related Posts

Жетісу облысы

Мемлекеттік қызметшілер династиясы дауыс берді

Жанама ауылы №54 дауыс беру учаскесінде мемлекеттік қызметшілер династиясы Мұхаметқалиевтар әулеті отбасымен келіп дауыс берді. Әулеттің үлкені Оспан Мұхаметқалиев референдумға отбасымен қатысатынын айттты. «Біз әр референдумда отбасымызбен келіп дауыс беруді
Жетісу облысы

Жетісу облысында 59 медициналық нысан салу жоспарланып отыр

Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасында 2024 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жоспарлануда. Оның шеңберінде 8 ауданда 59 Денсаулық сақтау объектісі іске қосылмақ. Бұдан бөлек, үш нысанды
Жетісу облысы

Жетісу облысында биыл балаларға арналған жаңа сауықтыру лагерлері ашылады

Биыл жазғы маусымда Жетісу облысы бойынша 9 маусымдық, 1 киіз үйлік балаларды сауықтыру лагерлерін іске қосу жоспарлануда. Олардың арасында Алакөл ауданындағы «Шағала» және «Жалын», Ақсу ауданындағы «Тамшыбұлақ», Ескелді ауданындағы «Көктөбе»,
Қоғам

Жетісу облысында «Visit Zhetysu — 2023»  форумы өтті

Жетісу облысының туризмін насихаттаушысы Visit Zhetysu орталығы ұйымдастыруымен туризмді дамытып,  туризм саласында еңбек етіп жүрген ұйымдар арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Visit Zhetysu - 2023»  форумы өтті. Аталған шара БАҚ өкілдерімен