Жаңалық

Жетісу облысындағы қызылшаның эпидемиологиялық жағдайы

Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақталып келеді. Өңірде қызылшаның алғашқы нақтамасымен 1122 жағдай тіркеліп, оның 797 зертханалық сараптамамен расталған. Олардың басым көпшілігі 5 жасқа дейінгі балалар, яғни 54,2%.

Айта кетерлігі ауырғандардың 79,4% бұрын қызылшаға қарсы вакцинация алмаған

Жалпы, қызылшаның алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация, арнайы емі жоқ. Сондықтан, аурудың таралуын болдырмау үшін тұрғындардың вакцинациямен жоғары деңгейде қамтылуын қамтамасыз ету қажет. Бұл мақсатта Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес балаларға қызылшаға қарсы жоспарлы егу 12-15 айлығында және қайта егу 6 жаста жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, қосымша жаппай иммундаумен облыста 48284 адам қамтылды, оның ішінде 6-10 айдағы балалар 5115 2-4 жастағылар 31065, медициналық қызметкерлер 3577, екпелерді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі тұрғындар 8527.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтауды ескертеді

  Алматы облысында өрт оқиғаларының басым бөлігі жеке тұрғын үйлерде орын алатыны анықталды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Самат
Жаңалық

Ұлттық өнер дәріптелген күн: Алматы облысында Ұлттық домбыра күні тойланды.

Қонаевта Ұлттық домбыра күніне арналған "Домбыра-дастан" фестивалі өтті. Оған Алматы облысының түкпір-түкпірінен мыңдаған музыканттар жиналды. Белгілі күйші, композитор Секен Тұрысбеков, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Мейрамбек Бесбаев пен Нұркен Әшіров сынды
Жаңалық

Қонаев тұрғындары жаппай сенбілікке қатысты

Алматы облысының орталығында «Таза Қазақстан» бағдарламасы жалғасуда. Бұған дейін 4 және 5-шағынауданның тұрғындары сенбілікке шықса, осы жолы 3-ықшамауданның жұрты жаппай сенбілікке қатысты. Олардың қатарында еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін болды.