Жаңалық

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтауды ескертеді

 

Алматы облысында өрт оқиғаларының басым бөлігі жеке тұрғын үйлерде орын алатыны анықталды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Самат Кенжеханұлы осы мәселе бойынша пікір білдіріп, тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.
Спикердің айтуынша, электр жабдықтары мен пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, тұрмыстық газды дұрыс тұтынбау сияқты қарапайым қателіктер жиі өрт оқиғаларына әкеп соғады. Жылыту маусымының басталуымен өңірде өрт оқиғаларының саны айтарлықтай артты. Қазіргі уақытта Алматы облысында 130 өрт тіркеліп, үш адам қаза тапқан.
Самат Кенжехан жаңа жылдық мерекелер қарсаңында қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін де атап өтті. Ол шыршаны дұрыс орнату, гирляндаларды тек қауіпсіз пайдалану және пиротехниканы тек ашық ауада қолдану туралы тұрғындарды ескертті. Сонымен қатар, жаңа жыл мерекелерінің қуанышын қауіпсіз жағдайда тойлау үшін әрбір адам өрт қауіпсіздігіне көңіл бөлуі керек екенін айтты.
«Жаңа жыл тек қуаныш әкелуі тиіс, алайда ол үшін қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды. Қысқы кезең мен жаңа жылдық мерекелерде өрт қауіпсіздігін назардан тыс қалдырмауымыз қажет»,– деді Самат Кенжехан.

Related Posts

Жаңалық

Қонаевта науқастарға 507 млн теңгенің дәрі-дәрмегі тегін берілген

Жыл басынан Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы 507 миллион теңгенің дәрі-дәрмегін науқастарға үлестірді. Бұл тіркеуде тұрған емделушілерге арналған тегін көмек түрі. Диагнозы әртүрлі науқастардың еміне сеп болу, олардың денсаулығын жақсарту мақсатында
Жаңалық

Алматы облысының аймағында 12 қар басуға ықтимал учаске бар

  2023 жылдың 1 қарашасынан 2024 жылдың қаңтар айының 4 аралығында өңірде Республикалық маңызы бар тас жолдар күннің кұрт суытуына байланысты 36 рет жабылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінің ақпарттық
Жаңалық

Қонаевта биыл 8 мыңнан астам жасөспірім психологиялық көмекке жүгінген

Жастар денсаулық орталығының психологы Диана Ришатовна брифингте орталықтың жасөспірімдерге бағытталған маңызды қызметтерін баяндады. Оның айтуынша, ЖДО-ға жыл сайын 10 000-ға жуық жасөспірім жүгінсе, жыл басынан бері 8 000-нан астам жасөспірім
Жаңалық

Алматы облысында су тасқыны кезеңінде 42 гидропост орнатылды

Облыстың гидрометеорологиялық жағдайы тұрақты. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарттық алаңында Төтенше жағдайдың алдын алу басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Дәурен Азаматов пен "Қазселденқорғау" ММ филиалы ІААПТБ-ның ТЖААжҚҚП