Жаңалық

Алматы облысы Әділет департаменті жыл басынан 14 мың азаматқа тегін көмек көрсетті

 

Жыл бойы тұрғындардан 6502 өтініш түсіп, олардың әрқайсысына толық әрі қанағаттанарлық жауап берілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Әділет департаменті басшысының орынбасары Нұржан Сатубеков баяндады.
Департамент өкілінің айтуынша, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және қадағалау қызметі жоғары деңгейде жүзеге асырылған. Жыл басынан бері 545 өтініш қаралып, 210 заңды тұлға тіркелді, 136 қайта тіркеу рәсімі жүргізілді. Апостиль қою бойынша 323 өтініш қабылданып, қызметтер уақытылы көрсетілді. Сонымен қатар, 14 461 азаматқа мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегі ұсынылды.
Бұдан бөлек, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бағытында 28 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 21 әкімшілік іс қозғалды. Тәркіленген өнімдердің жалпы құны 17,5 миллион теңгеден асып, заңсыз тауар айналымына тосқауыл қойылды.
Спикердің айтуынша, өңірде 250 нотариус пен 449 адвокат қызмет атқарады. Жыл бойы департаментке олардың қызметіне қатысты 100-ден астам өтініш түсіп, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тәртіптік шаралар қолданылды. Сонымен қатар, адвокатура мен нотариат саласында 28 үміткер аттестаттаудан сәтті өтіп, өз кәсібін бастауға мүмкіндік алды.
“Жыл басынан департаментте алимент өндіру мәселесі ерекше назарда болды. Облыста 16 632 алимент ісі қаралып, 4208 борышкерге елден шығуға шектеу қойылды. Сонымен қатар, 11 борышкердің мүлкі анықталып, өндіріп алушылардың пайдасына өткізілді”, – деді Нұржан Сатубеков.
Еске салайық,Алматы облысы Әділет департаменті тұрғындарға құқықтық көмек көрсетуде және аймақта заңдылықты қамтамасыз етуде өз жұмысын белсенді түрде жалғастырып келеді.

Related Posts

Жаңалық

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматы облысында «Өнегелі ұрпақ» апталығы өтіп жатыр

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Алматы облысында "Өнегелі ұрпақ" апталығы өтіп жатыр, ол экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймай, аға буын мен ардагерлерді қолдауға арналған. 1000-нан астам ардагерлер мен қарт
Жаңалық

Алматы облысында жыл басынан балық аулау бойынша 86 заңбұзушылық тіркелді

5 сәуір мен 5 маусым аралығында балық аулау мен балық өнімдерінің айналымына ерекше бақылау жасалады.Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Ринат
Жаңалық

Жетісу облысындағы қызылшаның эпидемиологиялық жағдайы

Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақталып келеді. Өңірде қызылшаның алғашқы нақтамасымен 1063 жағдай тіркеліп, оның 751 зертханалық сараптамамен расталған. Олардың басым көпшілігі 5 жасқа дейінгі балалар, яғни 53,9%. Айта кетерлігі