Жаңалық

МӘМС төлемі 2️024 жылы қандай мөлшерде болады?

МӘМС төлемдері төлеушілердің әр санаты үшін әр түрлі мөлшерде болады. Жұмыс берушілердің аударымдары қызметкерлер жалақысының 3%-ын құрайды, аударымдардың ең жоғары сомасы 25 500 теңгеден аспайды, бұл 10 ЕТЖ-нің 3% — ы. Айта кету керек 2024 жылдан бастап, 1 ЕТЖ 85 000 теңгені құрайды. Бұл туралы МӘМС қоры КЕАҚ Алматы облыстық филиалы өкілдері мәлімдеді.

 «Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (АҚС) бойынша табыс алатын қызметкерлер мен жеке тұлғалардың жарналары 2024 жылы олардың табысының 2% — ын құрайды, бұл ретте, егер жалақы мөлшері 10 ЕТЖ жоғары болса, онда тек осы сомаға ғана салық салынады және жарнаның ең жоғары сомасы 17 000 теңгені құрайды», — дейді мамандар.

Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатындардың жарналары 5 950 теңгені немесе 1,4 ЕТЖ-нің 5% — ы. Дербес төлеушілер үшін жарна сомасы 4 250 теңгеге тең (1 ЕТЖ-дан 5%).

Related Posts

Жаңалық

Кегенде МӘМС есебінен 12 млн теңгеге науқас балалар оңалтудан өтті

Жыл басынан Кегендегі аудандық ауруханасына қарасты оңалту орталығында 12 млн теңгеге жуық қаржыға 60-қа тарта бала тегін емдеуден өтті. Мұндай мүмкіндік денсаулығында кінәраты бар жеткіншектерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі
Жаңалық

Алматы облысында тау курортын дамыту үшін меморандумға қол қойылды

Табиғаттың лағыл - маржаны тоғысқан өлке, Алматы облысының туристік әлеуеті жоғары. Аймақтағы сұлулықты көзбен көруге келетіндердің саны жыл санап артып келеді. «eQonaq» жүйесінің мәліметі бойынша билығы жылдың соңғы алты айында
Жаңалық

МӘМС: Биыл Қонаев қаласында 25 мыңға тарта тегін медициналық көмек көрсетілді

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында МӘМС аясында 5000-ға тарта адам ем алған. Оның 2035-і жоспарлы түрде медициналық көмекке қол жеткізді. Мекемеде күндізгі стационарда 2 мыңнан астам тұрғын ем-дом қабылдады. Жалпы, жыл