Жаңалық

Миына қан құйылған науқасқа МӘМС есебінен ота жасалды

Қонаевта дәрігерлер көлікпен жылқыға соғылып, миына қан құйылған азаматты өлім аузынан арашалап қалды. Қалалық көпсалалы ауруханасына 29 жастағы азамат ес-түссіз күйде түскен. Компьютерлік томографиядан өткізіліп, қажетті талдаулар жүргізілгеннен кейін науқаста қанды ісік анықталған. Дәрігерлер бірден ота үстеліне әкеліп, сүйекті сақтай отыра ісіктің көзін жойған. Абырой болғанда, зардап шеккен азамат дәрігерлердің көмегімен аман қалды. Күрделі отадан кейін келесі күні есін жиыпты. Медицина мамандарының айтуынша, науқасқа екі апта бойы оңалту шаралары жүргізіліп, аяқтан тік тұрған.

—        Біздің ауруханада мұндай науқастарды емдеуге барлық жағдай жасалған. Өйткені, емханада компьютерлік томография, МРТ бар. Барлық медициналық көмек науқастар үшін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен тегін жүргізіледі. Былтыр жаңа заманауи құрылғылар сатып алынды. Микроскоп, арнайы бұрғылау құралдары әкелінді. Мұнымен қоса, нейрохирургиялық бағытта емдеуді қажет ететін науқастар МӘМС аясында квотаға ие болу арқылы өзге ірі ауруханаларға  жіберіледі. Ота үшін жолдаманы 2 апта ғана күтеді, — дейді Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының дәрігер-нейрохирургі Марат Гизатуллин.

Ақ халатты абзал жандардың айтуынша, бүгінде отадан өткен науқаста неврологиялық жетіспеушілік жоқ. Айта кетерлігі, көлік апатынан аман қалған тұрғынға қажетті медициналық көмек МӘМС есебінен тегін көрсетілді. Жалпы, күніне Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына жол апатынан зардап шеккен 10-ға тарта науқас түседі. Нейрохирург-дәрігер Марат Римовичтің сөзінше, травматология және нейрохирургиялық бөлімге бас, арқа, омыртқа жарақаттарымен келетін науқастардың 100-ге жуығы пышаққа түседі. Олардың тең жартысына ота бас сүйегіне жасалады, — дейді дәрігер.

Related Posts

Жаңалық

МӘМС аясында Талғар ауданының тұрғынына тіліксіз ота жасалды

66 жастағы науқас Талғар аудандық ауруханасына жүгінген кезде, екі апталық интоксикация, тахикардия болып, дене температурасы 42°С-қа дейін көтерілген. Бір апта бұрын жеке клиникаға барған, бірақ ол жерде тиісті ем қабылдамаған.
Жаңалық

Алматы облысында азық-түлік арзандады

Алматы облысында бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның төмендеуі тіркелді. Бұл туралы аппараттық кеңес барысында Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Қуаныш Бахытұлы мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде
Жаңалық

Алматы облысында жылу электр орталықтары  2026  жылға қарай газға қосылады

Алматы облысының экологиялық жағдайын жақсарту үшін  кешенді Жол Картасы бекітілген еді. Бас құжат  2023-2025 жылдар аралығында қызмет етуі тиіс.  Аймақтық мәселенің түйінін тарқатуға негізделген бұл карта ҚР экология министрі мен
Жаңалық

Алматы облысында «бір күндік клиника» жобасы бастау алды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен еліміздің 7 өңірінде жүкті әйелдерде ұрық диагностикасының тиімділігін арттыруға және «бір терезе» қағидаты бойынша көмекті ұйымдастыруға бағытталған пренаталдық диагностика орталықтарын құру жөніндегі жоба басталған