Жаңалық

МӘМС аясында Талғар ауданының тұрғынына тіліксіз ота жасалды

66 жастағы науқас Талғар аудандық ауруханасына жүгінген кезде, екі апталық интоксикация, тахикардия болып, дене температурасы 42°С-қа дейін көтерілген. Бір апта бұрын жеке клиникаға барған, бірақ ол жерде тиісті ем қабылдамаған. Содан кейін жалпы жағдайының нашарлауына байланысты орталық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген. Мультидисциплинарлық тексеруден кейін хирургиялық бөлімге шұғыл түрде жатқызылды.

Шағымдар, анамнез, объективті клиникалық-зертханалық деректер негізінде науқасқа «бауырдың оң жақ бөлігінің абсцесі» диагнозы қойылып, операция алдындағы дайындығы басталды.

«Науқастың жағдайын ескере отырып, Талғар хирургтары УЗД көмегімен бауырдың оң жақ бөлігінің абсцесіне дренаж жасау үшін аз инвазивті процедураны жүргізу туралы шешім қабылдады. Наркоз салынып, УЗД бақылауымен абсцесс қуысына өткізгіш арқылы Pigtail 10fr типі бойынша дренаж орнатылды. Дренажды орнатқаннан кейін өткір иісі бар 200 мл ірің алынды. Операция қан жоғалтусыз және асқынусыз өтті. Бірнеше күннен кейін бауырдың ультрадыбыстық зерттеуінде абсцесс қуысы тазаланғаны анықталды және дренаж алынып тасталды. Одан кейін үйіне жіберілді», — деді хирург Қуандық Тастанқұлов.

Операциядан кейінгі кезеңде науқас хирургиялық бөлімде антибиотикалық және инфузиялық терапиядан өтті. Айта кетерлігі, бүгінде аз инвазивті хирургия, яғни науқастың денесі кесілмей жасалатын ота туралы жиі айтылып жүр. Мұндай операциялар қан тамырлары немесе өзге де әдістер арқылы жасалады. Пациенттің денсаулығына кері әсерін тигізбейді және операциядан кейінгі асқынулар қаупінің төмен болуымен сипатталады.

 

Related Posts

Жаңалық

Жетісу облыстық құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеріс жүргізу мақсатында электрдабылдар қосылатынын хабарлайды

Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары! Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2024 жылғы 21 қараша күні сағат 11-00 облыстық құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеріс жүргізу мақсатында электрдабылдар қосылатынын хабарлайды, сонымен қатар
Жаңалық

WALS-2024: Қазақстанның ашық сабағы

Астанада өткен World Association of Lesson Studies басты конференциясы Қазақстанның ашық сабағы атанды. Алғаш рет посткеңестік кеңістікте Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының беделді халықаралық форумы өтті, WALS штаб-пәтері Астанада бес күн жұмыс істеді, ал
Жаңалық

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына бір жыл ішінде 36 000 науқас жүгінді

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы - Алматы облысы мен Алматы қаласы тұрғындары үшін жетекші медициналық қызмет көрсету орталығы болып есептеледі. Клиникада мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек шеңберінде ең күрделі ауруларды
Жаңалық

Алматы облысында автобус жүргізушілеріне МӘМС мүмкіндіктері түсіндірілді

МӘМС қоры КЕАҚ Алматы облыстық филиалының директоры тұрғындар арасында МӘМС мүмкіндіктерін кеңінен түсіндіру үшін «Қапшағай автобус паркі» серіктестігіне барды. Мекеме ұжымымен кездесіп, жүргізушілерге сақтандырылған азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ұсынатын