Қоғам

AMANAT: Алматы облысында жастарды қолдау бойынша кеңестің отырысы өтті

«AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Аслан Кубентаевтың және облыстық жастар саясаты басқарма басшысының м.а. Талант Ахметовтың қатысуымен партия жанындағы жастарды қолдау бойынша кеңестің  төрағасы Әсел Төлепбергенованың төрағалығымен отырыс өтті.

Кеңес отырысының күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.

  1. Облыс әкімінің «Заңғар» сыйлығын кем дегенде 10 жас көшбасшыға ұсыну;
  2. «Алатау жастары» жастар бағдарламасы бойынша жыл сайын 200 маманға жеке тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген несие беруді жүзеге асыру;
  3. Іле және Жамбыл аудандарының жастарды дамыту бойынша атқарылған жұмысы;
  4. «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының 2023 ж. атқарылған жұмыстары жайлы есеп тақырыптары қарастырылды.

Аталған мәселелер кеңес мүшелері мен басқарма басшыларының арасында қызу талқыға түсті. Кеңес отырысының соңында кеңес мүшелері атап өтілген маселелерді шешуге байланысты басқарма басшыларына тиімді шешім ұсынды.

Related Posts

Қоғам

АЭС салу мәселесін халық шешеді – Тоқаев

«Қазақстан үшін таза атом энергиясының мәні зор. Бұл – ел экономикасының болашағына тікелей әсер ететін айрықша маңызды мәселе. Біз табиғи уран өндіру көлемі жағынан әлемде бірінші орын аламыз. Ядролық отын
Жетісу облысы

«Сот кабинеті» – ҚР  Соттарының сервистеріне электронды түрде қол жеткізудің бірыңғай терезесі

Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен баспасөз-мәслихатында  Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаменті бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы баяндады. Оған спикер болып департамент басшысы Болат Джукенов қатысты. «Сот әкімшілігінің
Жетісу облысы

Референдумда ауыл тұрғындары спорттық шараға қатысты

Алакөл ауданына қарасты Екіпнді ауылындағы дауыс беру учаскелері маңында тұрғындардың көңіл-күйін көтеру, және белсенділіктерін арттыру мақсатында спорттық ойындар ұйымдастырылды. Арқан тартыс, шахмат ойындарында ауыл тұрғындары өзара сайысқа түсті. Ал референдумда
Қоғам

Алматы облысында тұрғын үйдің пеші жарылып 82 адам жылусыз қалған

9 желтоқсанда күндізгі сағат 12:41-де Кеген ауылындағы көпқабатты 32 пәтерлік тұрғын үйдің от жағу ғимаратының ішінде орналасқан "BURAN boiler" пеші жарылып, тұрғын үйдегі жалпы 82 адам (41 жасөспірім, 41 ересек)