Қоғам

АЭС салу мәселесін халық шешеді – Тоқаев

«Қазақстан үшін таза атом энергиясының мәні зор. Бұл – ел экономикасының болашағына тікелей әсер ететін айрықша маңызды мәселе. Біз табиғи уран өндіру көлемі жағынан әлемде бірінші орын аламыз. Ядролық отын компоненттерін де өзіміз өндіреміз. Сол себепті мен еліміздің аумағында АЭС салу жайына айрықша мән беремін. Түптеп келгенде, энергети¬ка қауіпсіздігі мәселесін геосаяси мүдде емес, нақты қажеттілік пен мүмкіндіктер тұрғысынан қарастырып, ғылыми зерттеулер негізінде шешкен жөн.

Ел ішінде АЭС құрылысына үзілді-кесілді қарсылық білдіріп жатқандар да бар. Бұл – түсінікті жайт. Көпшілік Семей ядролық полигонының қасіретін ұмыта қойған жоқ. Мұқият назар аударуды қажет ететін басқа да күрделі жайттар бар», — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жобаның құны мен экологияға әсерін қаперден шығаруға болмайтынын айтады.

«Сондықтан бұл бастаманың мән-маңызын ескере отырып, АЭС құрылысына қатысты мәселені жалпы-халықтық референдумға шығаруды ұсындым. Халқымыз үшін аса маңызды осындай шешімдердің референдум арқылы ғана қабылданатыны 2019 жылғы сайлау алдындағы бағдарламамда нақты көрсетілді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен Әділетті Қазақстан қағидаттарының іс жүзінде орындалуы дегеніміз – осы.

Болашақта әлі талай қоғамдық талқылау өткізіледі. Азаматтар референдумда дауыс берген кезде АЭС салуды жақтаған немесе қарсы болған сарапшылардың дәйекті пікірлерін барынша таразылап, ой елегінен өткізіп барып шешім қабылдауға тиіс. АЭС саламыз ба, салмаймыз ба – мұны халық шешеді», — дейді Президент.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын қалай тұрақтандырады?

«Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру механизмдерін іске асыру барысында 2023-2024 жылдары қоғамға бағаны тұрақтандыру бойынша аталған механизмдерді іске асыруға 6 млрд теңге бөлінді. Оның  ішінде
Жетісу облысы

Жетісу облысын газдандыру және ауыз сумен қамтудың қазіргі жағдайы

Жетісу облысында 33 елді-мекенге газдандыру жұмыстары жүргізіліп, 327 мың адам көгілдір отынға қол жеткізді. 2024 жылдың соңына дейін тағы 30 елді-мекен қосылады. Ол үшін бюджеттен 12 млрд. теңге бөлінді. Осындай
Жетісу облысы

Талдықорғанда 15 апатты үй реновация бағдарламасы бойынша сүріледі

Талдықорғанда барлығы 852 көпқабатты тұрғын үйлер бар. Қала бойынша 203 көп қабатты тұрғын үйлердің шатырлары жөндеу жұмыстарын талап етеді. Биыл 30 көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Жетісу облысы

Жетісу облысы: Халықаралық балаларды қорғау күні және жазғы демалыспен қамту

Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні және жазғы демалыстың дайындығы мен жоспары туралы сөз қозғалды. Бұл туралы облыстық Білім басқармасының басшысы  Марат Сүлейменов пен басшы орынбасары