ҚоғамҚұқық

Жетісу облысында 500-ге жуық  пиротехникалық бұйымдар тәркіленді

Терезе жақтауын жаңа жыл қаққанда аспан аясы түр-түсті от шашуға толары мәлім. Жұрт жаппай алып, мерекенің мәйегі іспеттес қылған бұл құралдың адам өміріне зиян тұстары да аз емес. Сол себепті  Жетісу облысында 25  желтоқсан  мен  3 қаңтар аралығында өңір аумағында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдармен, сондай-ақ рұқсат құжаттарынсыз стихиялық сауда фактілерінің жолын кесу атқарылып жатқан жұмыстар туралы Жетісу облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Диас Айнақұлов пен әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Юрий Пак мәлімдеді.
«Бүгінгі таңда облыс бойынша 200-ден астам рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасағаны үшін 29 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлығы 432 данадан астам пиротехникалық бұйымдар тәркіленіп, әр адамға 25 АЕК мөлшерінде, яғни 86 250 теңге айыппұл салынды», — дейді Диас Айнақұлов.
Қуанышқа орай өңір тұрғындары арасында әзірге пиротехникалық бұйымдардан дене жарақатын алған дерек тіркелмеді. Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор баяндама соңында жетісулықтардан сертификатталмаған өнімдерді сатып алмауын және пиротехниканы пайдалану кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауын сұрады.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісуда көкжөтел инфекциясы тіркелді

Облыста алғашқы нақтамамен көкжөтел инфекциясының 5 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 1 жағдай клиникалық жолмен расталды. Расталған жағдай 1 жасқа дейінгі ұйымдастырылмаған топқа жатады. Яғни, бала аталған дертке қарсы вакцинасын алмаған.
Жетісу облысы

Референдумда ауыл тұрғындары спорттық шараға қатысты

Алакөл ауданына қарасты Екіпнді ауылындағы дауыс беру учаскелері маңында тұрғындардың көңіл-күйін көтеру, және белсенділіктерін арттыру мақсатында спорттық ойындар ұйымдастырылды. Арқан тартыс, шахмат ойындарында ауыл тұрғындары өзара сайысқа түсті. Ал референдумда
Жетісу облысы

Жетісу облысында жаңа тұрғын үй бағдарламалары жүзеге асырылуда

Бүгін облыста «Жетісу жастары» жобасы бойынша тұрғын үй сатып алуға өтінімдерді қабылдау басталды. «Отбасы банк» АҚ мен облыс әкімдігінің бірлескен жобасы алғаш рет 2022 жылы іске асырылып 30-дан астам жас
Жетісу облысы

Жетісу облысындағы жеке тұлғалардың банкроттығы. Жағдай қалай?

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Жетісу облысындағы жеке тұлғалардың банкроттығына байланысты баспасөз-мәслихаты ұйымдастырылды. Тура бір жыл бұрын наурыз айынан бастап, бүгінге дейін облыста 3 800-ден астам өтініш келіп түскен. Алайда