Жетісу облысыҚоғам

Жетісуда көкжөтел инфекциясы тіркелді

Облыста алғашқы нақтамамен көкжөтел инфекциясының 5 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 1 жағдай клиникалық жолмен расталды. Расталған жағдай 1 жасқа дейінгі ұйымдастырылмаған топқа жатады. Яғни, бала аталған дертке қарсы вакцинасын алмаған. Айта кетейік, өткен жылы көкжөтел инфекциясы тіркелген жоқ. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз-мәслихатында Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев айтып берді.
Биылғы жылы жұқтырғандармен байланыста болған 178 адам анықталды. Оларға бактериологиялық зерттеу жүргізілді, нәтижелері теріс болды.

«Көкжөтел Bordatella pertussis бактериясы тудыратын тыныс алу жолдарының қауіпті жұқпалы ауруы. Ауа тамшылары арқылы беріледі. Қоздырғыш түшкіру және жөтелу кезінде қарқынды түрде бөлінеді. Бұл аурумен көбіне мектеп жасына дейінгі балалар ауырады. Көкжөтел балалар арасында асқынуларды жиі тудырады. Атап айтсақ, бактериялық пневмония, бронхит, плеврит, синусит, отит, құлақ қалқанының жарылуы, мұрыннан қан кету, құрысулар, бас миының зақымдалуы, дамудың тежелуі», — деді департамент басшысы.Спикер бүгінде көкжөтел инфекциясының алдын алудың жалғыз және тиімді шарасы міндетті егу күнтізбесіне енгізілген вакцинация екенін атап өтті. Вакцинация жоспарлы түрде 2, 3, 4, 18 айлық балаларға және 6 жаста жүргізіледі. Екпе үшін АбКДС (көкжөтел, дифтерия, сіреспеге қарсы) вакцинасы қолданылады.

Related Posts

Қоғам

Жетісуда жол апатынан 123 адам қаза тапты

Әлемде жыл сайын жол-көлік оқиғаларының саны артып келеді. Бұл зардап Қазақстанның да осал тұсы. Өткен жыл қорытындысымен салыстырғанда еліміздегі жол апаты көрсеткіші 9 пайызға дерлік өскен. Сондай-ақ  Жетісу облысы да
Жетісу облысы

Жетісулық шекарашылар А.Байтұрсынұлының мұражай үйіне барды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің жеке құрамы Алматы қаласында орналасқан Ахмет Байтұрсынұлының мұражай үйіне барды. Ұлы түрколог, қазақ тіл білімі және әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, мемлекет
Қоғам

AMANAT: Алматы облысында 9 мыңға жуық азамат қаржылық сауаттылығын арттырды

Қаржылық сауаттылық деңгейін арттырмай, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мүмкін емес. Осылай деген AMANAT партиясы Halyk Bank-пен бірге мамыр айында «Қарызсыз қоғам» жобасын бастады. Оның аясында, бір ғана Алматы облысының мыңдаған