Жаңалық

Алматы облысында көпбалалы ана үшем босанды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының перзентханасында екі қыз және бір ұл дүниеге келді. Көпбалалы ана үшем босатынын естіген сәттен Жамбыл аудандық орталық ауруханасы дәрігерлерінің ерекше бақылауына алынды. 30 апталық мерзіміне жеткенде жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу үшін АККА-ға ауыстырылды. 32 аптасында сәбилер кесарь тілігі арқылы дүниеге келді. Әйелге медициналық көмек МӘМС аясында тегін көрсетілді.

«Балалар 2170, 1490, 1900 грамм салмақпен дүниеге келді. Алғашқы күндері сәбилердің жағдайы ауыр болып, инвазивті емес SIPAP аппаратында жатты. Тек жетінші күні көпбалалы ана өз балалармен қайта қауышты. Дәрігер акушер-гинекологтар, неонатолог-реаниматологтар және медбикелердің көмегімен жаңа туылған нәрестердің әрқайсысы үш аптаның ішінде 500 — ден килограмға дейін салмақ жинады»,-дейді жоғары санатты акушер-гинеколог Гүлжахан Жұмадулаева.

Бақытты ата-аналар Шолпан Мамашева мен Жарқын Бағлаев қыздарының есімдерін — Ділнәз және Гүлнәз деп қойды, ал ұлдарының есімін Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылы әкімінің құрметіне, батыр болсын деп Темірлан есімін беруге шешім қабылдады.

«Мен үшемді екінші рет босануым. 2020 жылы табиғи жолмен сәбилерімді туамын дегенде жағдайым күрт нашарлап, нәрестелерім шала туылған еді. Дәрігерлер бар күшін салса да, тек бір баламды құтқарып қалды. Бұл жолы мен жүктілікке мұқият дайындалдым, білікті дәрігерлерді таңдадым және барлық қажетті процедуралардан алдын ала өттім. 30 аптада мен Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының перзентханасына түсіп, жоспарлы кесарь тілігі арқылы босандым. Сәбилер мерзімінен бұрын дүниеге келді, сондықтан жағдайы ауыр болды. Бірақ, мен дәрігерлерге сендім және періштелеріммен кездесуді күттім. Босанғаннан кейінгі үшінші аптасында мен балаларымды аман есен перзетханадан шығаруға дайын тұрмын. Мен енді сегіз баланың анасымын», — дейді қуанымен бөліскен Шолпан Мамашева.

Айта кетейік, 2023 жылы Алматы облысында 26 825 бала дүниеге келді, оның ішінде 233-і егіздер және бір рет үшемдер дүниеге келді.

Related Posts

Жаңалық

Жетісу аумағында жолдардағы қауіпсіздікті арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде

Жыл басынан бері 49 жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Алайда осы шараларға қарамастан, жыл басынан бері 596 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 120 адам қайтыс болып, 876 адам жарақат алды. Ең қауіпті
Жаңалық

Алматы облысында 2 мыңнан аса адам қатерлі ісіктен ем алып жатыр

Бұл туралы Алматы өңірлік көпсалалы клиникасының онкомаммологы Дәулет Айдаров баспасөз мәслихаты барысында айтты. Даулет Айдаровтың айтуынша сенбі күндері «Қызыл қазан» атты акция өткізілді. Яғни Қазақстанның барлық онкологиялық диспансерлерінде ашық есік
Жаңалық

Сыбайлас-жемқорлық мәселесі басты назарда

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы облыстық филиалында «2025 жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алу рәсіміндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында кездесу өтті. Шара барысында