Жаңалық

Алматы облысында 2 мыңнан аса адам қатерлі ісіктен ем алып жатыр

Бұл туралы Алматы өңірлік көпсалалы клиникасының онкомаммологы Дәулет Айдаров баспасөз мәслихаты барысында айтты.

Даулет Айдаровтың айтуынша сенбі күндері «Қызыл қазан» атты акция өткізілді. Яғни Қазақстанның барлық онкологиялық диспансерлерінде ашық есік күні өтті. Бұл күні әйелдер маммологтан тегін кеңес алу және УЗИ-ден тегін өту мүмкіндігіне ие болды.

 “Сүт безі обырын ерте анықтағанда емделу ықтималы өте жоғары және 90%-дан астам жағдайда емделеді. Аурудың 3 және 4 –ші сатысында  ем-дом шаралары айтарлықтай нәтиже бермейді. Көбінесе әйел адамдар скринингтен өтуден қорқып, салғырт қарап жатады. Кез келген сырқат түрі ерте анықталса емдеу де оңай болады. Сондықтан денсаулықтарыңызға жауапты қарауды шақырамын”, — дейді Даулет Айдаров

Өңірде биылғы жылдың көрсеткіші бойынша алғаш рет анықталған қатерлі ісікпен 1528 науқас есепке алынып, оның ішінде сүт безі обырымен  ауыратын 226 науқас тіркелген. Жалпы сүт безінің қатерлі ісігімен ем алып жатқан және диспансерлік есепте тұратын науқастар саны 2295 әйел адам.

Мамандар, Қазақстанда әйелдер 2 жылда 1 рет тегін профилактикалық маммографиядан тексерістен өтіп тұрулары керектігін ескертеді.

Айта кетейік,тегін қатерлі ісік скринингіне байланысты барлық ақпарат еліміздің барша емханаларында бар.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында кызылша сырқаттанушылығы бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі

Аталған дертті жұқтырған аймақ тұрғындарының 87 пайызы бұрын қызылшаға қарсы екпе алмағандар. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі алаңында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Саулет Капсаламова баяндады. Спикердің айтуынша сырқаттанушылықтың жоғары
Жаңалық

Алматы облысында жылу электр орталықтары  2026  жылға қарай газға қосылады

Алматы облысының экологиялық жағдайын жақсарту үшін  кешенді Жол Картасы бекітілген еді. Бас құжат  2023-2025 жылдар аралығында қызмет етуі тиіс.  Аймақтық мәселенің түйінін тарқатуға негізделген бұл карта ҚР экология министрі мен
Жаңалық

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматы облысында «Өнегелі ұрпақ» апталығы өтіп жатыр

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Алматы облысында "Өнегелі ұрпақ" апталығы өтіп жатыр, ол экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймай, аға буын мен ардагерлерді қолдауға арналған. 1000-нан астам ардагерлер мен қарт