Жаңалық

Алматы облысында домбыраның қадір-қасиеті дәріптелді

Алматы облысында қазақ халқының ұлттық мұрасы – домбыраның қадір-қасиеті, күй өнері мен халық музыкасы кеңінен дәріптелді

Қонаев қаласында Ұлттық домбыра күніне орай қазақ халқының мәдениетіне деген құрметті арттырып, рухани құндылықтарды кейінгі буынға насихаттауға бағытталған тағылымды шара өтті. Оған зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, жастар, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс орталығындағы Бердібек Соқпақбаев атындағы саябақта ұйымдастырылған шараға аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев те қатысып, елдің еңсесін көтеріп, рухын оятатын мерекемен құттықтады. 2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен шілде айының бірінші жексенбісі – Ұлттық домбыра күні болып белгіленгенін айтып, содан бері жыл сайын аталып келе жатқан бұл мереке ұлт руханияты төрінен лайықты орын алғанын жеткізді.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Домбыра күніне орай: «Бұл – еліміз үшін ерекше мейрам. Оны ел болып атап өту арқылы халқымыздың рухын көтеріп, танымын арттырамыз. Сондай-ақ ұлы дала дәстүрін жас ұрпақтың санасына сіңіріп, төл өнеріміздің құдіретін танытамыз», – деген болатын.

Домбыра – қазақтың жаны, тарихы мен бүкіл болмыс-бітімі. Қос ішекті қара домбыраның үнінде Алтай мен Атыраудың, Алатау мен Арқаның арасын ен жайлаған халқымыздың сан ғасырлық шежіресі, ішкі жандүниесі жатыр.

Өздеріңізге белгілі 1 шілдеден бастап жаңа Конституциямыз өз күшіне енді. Жаңарған Конституцияда Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұраның сақталуына қамқор болуға, тарих пен мәдениет ескерткіштеріне ұқыпты қарауға міндетті деп атап көрсетілген. Ата Заңның қорғауында болған ұлт құндылығының ғұмыры мәңгі болмақ», – деді аймақ басшысы. Сондай-ақ өткен жылы ЮНЕСКО көлемінде аталып өткен даңқты жерлесіміз, Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы да домбыраның мәртебесін асқақтата түскеніне тоқталды. Ұлы композитор салған осы сара жол бүгінде өңірімізде лайықты жалғасын тауып келеді.

Облыс әкімінің айтуынша, өңірде күй өнерін дамыту мақсатында үйірмелер өз жұмысын жоспарлы түрде атқаруда. Биылдың өзінде өнерпаздарымыз Қытай, Марокко, Франция, Түркі елдерінде өткен шараларда ұлттық әуендерімізді домбыра аспабымен асқақтатып, көрерменді тамсандырып қайтты. Бұл халықаралық тәжірибе жас таланттардың шығармашылық өсуіне жол ашып, аймақтағы дәстүрлі өнер мектебінің іргетасын бекіте түсті.

Мерекелік кеште көрерменнің құлақ құрышын қандырып, өнерсүйер қауымды сүйсінткен композитор, күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Секен Тұрысбек Қонаев қаласын думанға бөлеген шара көңілінен шыққанын айтты. Айтулы мерекенің мән-мазмұны жайлы да сөз қозғады.
«Домбыра күні арнайы мереке болып бекітілгеннен бері домбырашы жастардың көбейіп келе жатқанын көріп жүрміз. Бұған қарап біз де марқайып, шабыттанып қаламыз. «Кіндікте бұлақ бұлқынса, көгілдір көлің қатпайды» демекші, сол жас буынға қарап, ертеңгі күнге деген сенім ұялайды. Дегенмен домбыраның қасиеті туралы тек мерекеде ғана еске алуға болмайды. «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп Қадыр Мырза Әлі жырлағандай, әр күні ұлттық аспапты қастерлеп, төрде ұстау керек. Сонда келер ұрпақ өзі-ақ домбыраның күмбіріне көңіл түріп, ұлықтап өтетін болады», – дейді әйгілі күйші.

Кеште сондай-ақ Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Сарина, «Алатау серілері» тобы, «Ақ жауын» камералық оркестрі және Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының өнерпаздары көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады. Олар ұлттық өнердің өн бойыңды шымырлататын шығармаларын орындап, тыңдарманның талғам-талабын тереңдете түсті.

Related Posts

Жаңалық

Қандай жағдайда медициналық қызметкерді үйге шақыруға болады?

Міндетті әлеуметтік медициналық қоры Алматы облыстық филиалының өкілдері қандай жағдайда медицина мамандарын үйге шақыруға болатынын мәлімдеді. Айтуларынша, жедел жағдайлар немесе созылмалы аурулардың өршуі кезінде, егер сізде кенеттен және айқын органдардың
Жаңалық

Алматы облысының киберполицейлері интернет-алаяқтыққа қарсы «Antifraud-орталық» жұмысының тиімділігін айтты

Алматы облысының киберполицейлері Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте интернет-алаяқтықпен күрестің кешенді шаралары жайлы ақпарат берді. Құқық қорғау органдарының өкілдері азаматтарды киберқауіптен қорғаудың жаңа әдістері мен алаяқтық схемаларды дер кезінде анықтау
Жаңалық

Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде

лматы облысының орталығы Қонаев қаласының кешенді даму жоспарына сәйкес шаһардағы тұрғын үйлерді табиғи газға қосу көзделген. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2021-2023
Жаңалық

Алматы облысында балабақшаларға арналған пилоттық жобасы іске қосылады

Жоба, Іле және Еңбекшіқазақ аудандарында бастау алады деп хабарлайды, Өңірлік коммуникациялар қызметі. Алматы облысында халық саны көп болғандықтан мектепке дейінгі тәрбие жасындағы бала саны да басы. Бүгінде аймақта, 1150 мектепке