Жаңалық

Сыбайлас-жемқорлық мәселесі басты назарда

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы облыстық филиалында «2025 жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алу рәсіміндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында кездесу өтті. Шара барысында тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын әрекеттер жөні түсіндірілді. Жемқорлық фактілерінің салдары талқыланды. Мамандар ондай істерге әкелетін жаза түрлеріне кеңінен тоқталды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге қатысты 2025 жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алу рәсіміндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы түсіндірдік. Сондай-ақ сыйлықтарды, заңсыз ақшалай, материалдық сыйақылар мен алғыстарды алу және беру фактілерін, басқа да жеңілдіктер мен артықшылықтарды алу фактілерінің жолын кесу туралы заңда көзделген (соның ішінде үшінші тұлғалар тарапынан болуы мүмкін арандатушылық әрекеттер) ережелерді жеткіздік», — дейді заң мәселелері юойынша бас сарапшы Бақытжан Еділұлы.

2025 жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мәселесі бойынша филиал директоры Тілеухан Абилдаев толығымен егжей-тегжейлі түсіндірді.  Филиалдың барлық қызметкерлеріне: 1) медициналық қызмет көрсетушілермен бейресми байланыс фактілерін болдырмауға; 2) мүдделер қақтығысының алдын алу немесе реттеу жөніндегі шектеулерді, тыйымдарды және талаптарды сақтауға; 3) сыйлықтарды, заңсыз ақшалай, материалдық сыйақылар мен алғыстарды алу және беру фактілеріне, сондай-ақ заңда көзделмеген жеңілдіктер мен артықшылықтар алудың өзге де фактілеріне (соның ішінде үшінші тұлғалар тарапынан ықтимал арандатушылық әрекеттерге) жол бермеуге тапсырма берілді.  Айта кетейік, мұндай кездесулер дәстүрлі түрде әр тоқсан сайын ұйымдастырылады.

 

Related Posts

Жаңалық

Светлана Жақыпова Алматы облысының тұрғындарымен кездесті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Алматы облысына жұмыс сапары аясында өңір активімен кездесу өткізді. Ол Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін іске асыру барысы туралы айтып, әлеуметтік-еңбек
Жаңалық

Алматы облысында «Жасыл ел» еңбек жасағына қабылдау басталды

Аймақ жастарының басын қосатын жобаға өтінімдер қабылдау 31 шілдеге дейін жалғасын табады. Облыста 14 пен 35 жас арасындағы 426 117 мың жас бар. Түгелі дерлік өз қалауларынша «Жасыл ел» еңбек
Жаңалық

Алматы облысында жақ-бет хирургтері МӘМС есебінен бет остеосинтезі отасын жүргізді

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне 1980 жылы туған ер адам маңдай облысының ауыруы, бас айналуы және қатты бас ауруы туралы шағымдармен жүгінді. Науқастың айтуы бойынша, ол құлап, басын
Жаңалық

Жетісу облысында қызылша бойынша жағдай тұрақталып келеді

Өңірде қосымша жаппай иммундау жұмыстары 27 қарашадан бастап жүргізіліп жатыр. Жоспарланған 52 900 адамның 49 608 егілді, қамту 93,8% жетті. Бүгінде қызылша бойынша жағдай тұрақты бақылауда, эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр.