Жетісу облысыӨңірлер

Жетісулық шекарашылар А.Байтұрсынұлының мұражай үйіне барды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің жеке құрамы Алматы қаласында орналасқан Ахмет Байтұрсынұлының мұражай үйіне барды.

Ұлы түрколог, қазақ тіл білімі және әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы мұражай үйде 1934-1937 жылдары отбасымен бірге Зубовтың үйінде тұрған. 1988 жылы тарих және сәулет ескерткіші болып танылып, 1993 жылы мемориалдық мұражай-үйі ашылды.

Мұражай экспозициясы үш бөлмеден тұрады – бұрынғы ас үй, балалар бөлмесі және отағасының кабинеті. Мұражай бөлмелерінде Байтұрсынұлының  отбасы, достары мен пікірлестері туралы баяндайтын құжаттар мен фотосуреттердің түпнұсқалары ұсынылған.

Сонымен қатар, «Қырық аңыз», «Маса», «Оқулық» (үш кітап), «Тіл білімі» (үш кітап), «Баяншы», «Ер Сайын», «Бастауыш», «Жаңа астар», «Диплом» қолжазбалары ұсынылған», «Жоқтау», «Әдебиеттану», «Тіл таным» (екі кітап) және мұрағаттық фотоматериалдар бар.

Ұлы тұлғанының өмірінің соңғы күндері тұрған үйіне барған шекара сақшылары қоғам қайраткерінің ғұмыры мен еңбек жолы туралы көптеген мағлұмат алды.

Related Posts

Жетісу облысы

Талдықорғанда қала күні ауқымды түрде атап өтіледі

Биыл қала күнін тойлау Талдықорған қала мәртебесін алғанына 80 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Әр жыл сайын бұл мереке қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Мерекелік іс-шаралар айдың басынан, соңына дейін
Жетісу облысы

Жетісу облысында интернет-алаяқтықпен күрес қарқынды жүргізілуде

Бүгінгі күні облыс бойынша 341 интернет-алаяқтық жағдайы анықталса, оның басым көпшілігі, 207 жағдайы облыс орталығы Талдықорған қаласында орын алған. Текелі қаласы бойынша – 31, Алакөл ауданында 21, Көксу ауданында 18
Жетісу облысы

Талдықорғандық қариялар ақ батасын берді

Талдықорғанда дауыс берушілердің белсенділігі өте жақсы. Қариялар келіп,өз баталарын беруде. Солардың қатарында ардагер Балкыбаев Серікбек атамыз да бар. Ол Талдықорған қаласындағы №435 референдум учаскесінде өз таңдауын жасап, ондағы қызмет етіп
Жетісу облысы

Кербұлақ ауданында «Шежіре, өнер-тәлім отауы» ансамблі мерекелік көңіл-күй сыйлады

Референдум күні Кербұлақ ауданында шығармашылық ұжымдар өз өнерлерімен бөлісуде. Солардың бірі - «Шежіре, өнер-тәлім отауы» үйірмесінің мүшелері. Әжелер ансамблі ең әуелі №185 дауыс беру учаскесінде өз таңдауларын жасап, кейін келген