Жетісу облысыҚұқық

Жетісу облысында интернет-алаяқтықпен күрес қарқынды жүргізілуде

Бүгінгі күні облыс бойынша 341 интернет-алаяқтық жағдайы анықталса, оның басым көпшілігі, 207 жағдайы облыс орталығы Талдықорған қаласында орын алған. Текелі қаласы бойынша – 31, Алакөл ауданында 21, Көксу ауданында 18 қылмыс анықталған. Өңір тұрғындарына келтірілген материалдық шығын көлемі 516,7 млн.теңгені құраған. Бұл туралы Өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте Жетісу облысының Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі, полиция капитаны Ернат Абдрахимов мәлімдеді. 

Интернет –алаяқтық фактілері тауар мен қызметтер, жарнамалар үшін Instagram, WhatsApp, Telegram әлеуметтік платформаларында, kolesa.kz, olx.kz  онлайн қосымшаларында алдын ала төлем жасау кезінде, онлайн түрде несие рәсімдеу кезінде, жалған аккаунттар арқылы қарыз сұрау мен шетелдік платформалар, қазақстандық банктер мен компаниялар арқылы инвестиция құюға байланысты қызметтерде көбірек орын алған. 

Қылмыстың бұл қауіпті түрінің алдын алу мақсатында криминалдық полиция басқармасы арнайы іс шаралар алгоритмін әзірлеген. Мамандардың айтуынша, «CyberPol» тобы күнделікті қылмыстық істерге сараптама жасап,  жедел-іздестіру шараларына қатысты қосымша ұсыныстар беріп отырады.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында жаңа тұрғын үй бағдарламалары жүзеге асырылуда

Бүгін облыста «Жетісу жастары» жобасы бойынша тұрғын үй сатып алуға өтінімдерді қабылдау басталды. «Отбасы банк» АҚ мен облыс әкімдігінің бірлескен жобасы алғаш рет 2022 жылы іске асырылып 30-дан астам жас
Жетісу облысы

Жетісу облысында жастарды өңірлік кадр резервтеріне іріктеу жоспарлануда

1 наурыздан бастап облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың  және Астананың өңірлік кадр резервтеріне іріктеу басталады. Жобаның негізгі  мақсаты – жас басқарушы тұлғаларды қалыптастыру және өңірлерді дамытуға таланттарды тарту. Осындай ақпаратпен
Жетісу облысы

Наурыз мейрамы мен Қасиетті Рамазан айына арналған санитарлық-эпидемиологиялық шаралар

Наурыз мейрамы мен Рамазан айының басталуына байланысты Жетісу облысында тамақтан улануды қоса алғанда, ықтимал аурулардың алдын алу үшін санитарлық-эпидемиологиялық шаралар қабылданды. Облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Самат Ахметов осы
Жетісу облысы

Мектеп оқушылары және студенттерге арналған жаңа жоба жүзеге асырылады

Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасының тапсырысы аясында өңірде «Студенттік және мектептік өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені» жобасы іске асырылмақ. Қаржыландыру көлемі 22 млн. теңге, ал оған қамтылатын жастар саны