Жаңалық

«Рахат» бастауыш партия ұйымы әлеуметтік қолдау шараларын жалғастыруда

AMANAT партиясы Еңбекшіқазақ ауданындық филиалына қарасты «Рахат» бастауыш партия ұйымы қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, Рахат ауылдық округінің Өрікті ауылында тұратын 9 отбасыға демеушілік көмек есебінен қысқы отын жеткізіп берді.

Бастауыш партия ұйымының төрағасы Дәурен Хасеновтің айтуынша, бұл бастама халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында қолға алынған.

«AMANAT партиясы халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, нақты көмек көрсетуге әрдайым дайын. Алда қыс қаһарына мінген кезде, отын тапшылығы кейбір отбасыларға қиындық тудыратыны белгілі. Сондықтан біз ауыл азаматтарымен бірлесіп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмір жеткізіп бердік. Бұл – біздің бірлік пен жанашырлықтың жарқын үлгісі», – деді ол.

Айта кетейік, «Рахат» бастауыш партия ұйымы бұған дейін де әлеуметтік бағыттағы түрлі қайырымдылық шараларын өткізіп, мұқтаж жандарға көмек қолын созып келеді. Ұйым мүшелері алдағы уақытта да тұрғындарды қолдау жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында Полиция қызметкерлері күні аталып өтті

Қазақстан полициясы күні қарсаңында Алматы облысында тәртіп сақшыларының ерен еңбегі ескеріліп, ерекше құрмет көрсетілді. Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде салтанатты шара өтіп, ел тыныштығын күзеткен қызметкерлердің ерлігі дәріптелді. Мерекелік жиынға ішкі
Жаңалық

Алтын балалық шақ: Алматы облысында балалар күні қалай аталып өтеді?

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Алматы облысында арнайы атпалық ұйымдастырылады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Облыс көлемінде 1-10 маусым аралығында өтетін арнайы он күндік, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің
Жаңалық

Алматы облысының жастарына жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

  Бұл жоба 35 жасқа дейінгі облыс жастарына жеңілдетілген несие арқылы баспана алуға мүмкіндік береді. Өтініштер 2024 жылдың 1-15 қазан аралығында қабылданады. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ Алматы облыстық филиалы
Жаңалық

Райымбек ауданында құрылыс қарқынды

  Райымбек ауданында облыс әкімінің қолдауымен аз қамтылған отбасылар баспаналы болды.  Өткен жылы  қазынадан 152,6 млн теңге бөлініп, 11 ауылдық округтен 20 үй сатып алынды деп, хабарлайды Алматы облысы өңірлік