Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында жастарды өңірлік кадр резервтеріне іріктеу жоспарлануда

1 наурыздан бастап облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың  және Астананың өңірлік кадр резервтеріне іріктеу басталады. Жобаның негізгі  мақсаты – жас басқарушы тұлғаларды қалыптастыру және өңірлерді дамытуға таланттарды тарту. Осындай ақпаратпен Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында БАҚ өкілдерімен кездесуде облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Қобылан Манап бөлісті.

Іріктеуге жоғары білімі және 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар, 35 жастан аспаған еліміздің азаматтары қатыса алады.

«Әрбір өңірлік резерв бойынша нақты салалық бағыттар мен резервшілердің саны облыстағы әлеуметтік-экономикалық жағдай және мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың басымдықтары ескеріле отырып, өңірлік кадр комиссияларымен айқындалатын болады. Іріктеу 7 бағыт бойынша, атап  айтсақ, индустрия  және өнеркәсіп, экономика, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру, экология салаларында жүзеге асырылмақ», — деді Қобылан Тоқбергенұлы.

Айта кетейік, қатысуға өтінімдерді қабылдау биылғы жылдың 1-31 наурызы аралығында onir.pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады.

«Жоғарыда аталған 7 бағыт бойынша облысқа мамандарды тарту алдағы уақытта жалғасын табады деген үміттеміз. Білімді, еңбекқор және жасампаз азаматтарды өңірлік кадр резервтеріне іріктеуге қатысуға шақырамыз», — деді Әсет Серікұлы.

 Әрбір кезеңнің нәтижелері комиссия шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде интернет-ресурстарда және кандидаттардың жеке кабинеттерінде, жобаның сайтында орналастырылады. Өңірлік резервте болу мерзімі 2 жыл.

Related Posts

Қоғам

Шағын отбасылық жатақханалар мен хостелдер арасында өрт қауіпсіздігі бойынша өткен сынақтан жетіспеушіліктер байқалды

Өрт сөндіру  және жергілікті полиция  қызметкерлері «ЖАТАҚХАНА» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. 13-17 қараша аралығында облыс бойынша 36 нысанға рейд жүргізілді. Айта кету керек, олардың жартысына жуығында адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп
Жетісу облысы

Қорғас: Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда, экономикалық және туристік орталық

Қорғас –  Қазақстан  мен  Қытай арасындағы сауда-саттықтың орталығы болып келеді. Әсіресе, соңғы он жылдағы даму қарқыны таңғалдырмай қоймайды. Екі ел шекарасындағы шағын қала қазір заманауи сауда-саттық, технологиялық  даму және туристік
Жетісу облысы

Көксулық батыр аналар дауыс берді

Көксулық көпбалалы аналар да референдумда өз таңдауларын жасауда. Еңбекшіқазақ, З.Тамшыбай, Мұсабек ауылында тұратын көпбалалы аналар дауыс беру учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда. «Батыр аналар» Республикалық референдумда дауыс беріп қана қоймай,
Қоғам

Жетісу облысында алдағы жылы мәдениет күні кең ауқымды телевизиялық жоба ретінде өткізілмек

Бүгінгі күні Жетісу облысының мәдениет және архив мекемелерінің желісі 309 нысан. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында мәдени ошақ қызметкерлерінің 10 айда атқарған жұмыстары жайлы Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама