Жаңалық

Қонаев қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Қонаев қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Мақсат жұмыс іздегендерге жол сілтеу. Жұмыссыздар мен жұмыс беруші арасында байланыс орнату. «Qonaev city» орталығыда өткен шараны мансап орталығы ұйымдастырды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ай сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шара. Жермеңкеге 18 жұмыс беруші мекеме келген. Олар 100-ге жуық вакансияны ұсынды. Бір ғана «Наурыз Агро» ЖШС-не 40 жуық қызметкер қажет. Ал ішкі істер министрлігіне қарасты №57-ші мекемеде 10 бос жұмыс орны бар.

«Біздің №57 мекемеде қазіргі таңда жасақ бастығы лауазымы бос. Аға инстпектор  сынды бірнеше бос жұмыс орны бар.  Және жұмысқа орналастыру бөлімінде де маман тапшы.  Бізгежұмысқа орналасу үшін негізгі талаптар бар: азамат ҚР азаматы болуы керек, 18 жасқа толған болуы міндетті» -деді, ҚАЖ департаменті №57 мекемесінің тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің бастығы  Қарлығаш Қазамбаева.

Қонаев қаласында жыл басынан 209 адам жұмыссыз санатына тіркеліпті. Бүгінде олардың 150-і мансап орталығынан кеңес алып, уақытша және тұрақты жұмысқа тартылған. Бүгінде облыс орталығында бос жұмыс орны да, жұмыссыз жүргендерде жетерлік. Сұранысқа сай талапта бар.


«Мекемелерге дәрігерлер және мұғалімдер қажет. Сонымен қатар, электрик мамандар мен агро сала қызметкерлеріне сұраныс жоғары. Қаламызда құрылыс қарқын ала бастады. Сондықтан дәнекерлеушілер мен құрылысшыларды сұрайтын жұмыс ұсынушылар көп»- деді, Қонаев қаласы бойынша мансап орталығының директоры Қанат Ақшолақов.

Өткен жылы Алматы облысындағы еңбек мобильдігі орталығына қарасты мансап орталықтары  92 жәрмеңке өткізді. 11 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңке барысында 7500 жуық адам кеңес алған. Нәтижесінде 2 мыңнан аса адам тұрақты жұмысқа, 92 азамат уақытша жұмысқа орналасқан.

Еңбек мобильділігі орталығы орталығының баспасөз қызметі

Related Posts

Жаңалық

МӘМС есебінен жүрек талмасы бар науқасқа ота жасалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының кардиохирургия бөлімі Алматы облысындағы жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеудің жетекші орталығы. Ауруханаға шалғай аудандардан және өз еркімен келетін науқастар көп. Солардың қатарында -  Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны да
Жаңалық

Алматы облысында АИТВ-инфекциясына қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Өткен жылы Алматы облысында АИТВ-инфекциясының 263 жаңа жағдайы тіркелді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3 жағдайға азайған. Өкінішке қарай, індет жабыстырғандар арасында 1 мен 4 жас аралығындағы балалар да бар. Алматы
Жаңалық

Алматы облысында туризмді дамытуға 58 млрд теңге инвестиция тартылады

Мерекелік демалыс күндері Алматы облысының әкімдігі мен бір топ инвесторлар арасында Ой-Қарағай шипажайын дамыту жобасына қажетті жағдайлар жасау және қолдау көрсету туралы Меморандумға қол қою ресми рәсімі өтті. Қол жеткізілген
Жаңалық

Киелі мекен: Жетісуда тазалық акциясы жалғасуда

Жетісуда «Киелі мекен» апталығы аясында экологиялық шаралар жалғасын тапты Бүгін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушылары, білімгерлері және  Ілиястанушылар биыл 130 жылдық мерейтойы тойланатын ақынның ескерткішін қайта қалпына келтіру жұмыстарын