Жаңалық

МӘМС есебінен жүрек талмасы бар науқасқа ота жасалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының кардиохирургия бөлімі Алматы облысындағы жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеудің жетекші орталығы. Ауруханаға шалғай аудандардан және өз еркімен келетін науқастар көп. Солардың қатарында —  Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны да бар.

«Менің әкем — 83 жаста. Созылмалы жүрек талмасымен ауырады. Біз көптеген ауруханаға бардық, тіптен жеке емханаларға да жүгінген болатынбыз. Бірақ, әкемді ешкім отаға алғысы келмеді, дәрі — дәрмек жазып та бермеді. Біз ұзақ уақыт бойы жақсы, тәжірибелі дәрігерлерді іздедік, кейіннен осы ауруханаға келуге кеңес берді. МӘМС аясында барлық емді тегін тағайындады. Отадан кейін оңалтудан өттік. Қажетті дәрі-дәрмектері тегін берілді. Мемлекетке рахмет», — дейді науқастың ұлы.

 

Науқастың жүрек талмасын тексеру үшін ЭКГ, ЭхоКГ (Эхокардиография) және аорта контрастын компьютерлік томографиясы сияқты инвазивті емес әдістер қолданылды. Барлық процедуралардан кейін науқасқа аорта қақпақшасының стенозы диагнозы қойылды. Дәрігерлер «қолқа қақпағын транскатетерлік имплантациялау (TAVI)» отасын жасау туралы шешім қабылдады.

«TAVI-қолқа қақпақшасы стенозын емдеудің заманауи аз инвазивті мамандандырылған әдісі және клиникалық көрсеткіштер бойынша ғана жүргізіледі. Бұл ашық хирургиясыз ота, яғни қолқа қақпағын ауыстырған кезде жүрекке қол жеткізу үшін біз науқастың кеудесін тілмейміз. Барлық манипуляциялар тек қан тамырларына енгізілген катетер арқылы жүзеге асырылады. Мұндай операцияның артықшылықтары стационарлық емдеудің қысқа кезеңі, аз инвазивтілік, атравматикалық, жеңіл төзімділік және тез оңалу процессі. Жалпы, МӘМС шеңберінде біздегі күрделі оталар тұрғындарға тегін жасалып жатыр. Оңалту шараларымен де қамтылып отыр», — дейді кардиохирург Сергей Мусаев.

Ота сәтті аяқталып, науқас дәрігердің кеңесімен үйіне шығарылған.

Related Posts

Жаңалық

Қонаевқа «Rotary International» ұйымы келді

Кеше Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына дүниежүзіндегі Rotary клубтарын біріктіретін халықаралық үкіметтік емес бірлестік болып табылатын Оңтүстік Кореядан Rotary International гуманитарлық-қайырымдылық ұйымының делегациясы келді. Оларды аурухана директоры Ракишева Айман Ғалымжанқызы қарсы
Жаңалық

Алматы облысының цифрлық көшірмесі толықтырылуда

Көшірмеге 99 сібір жарасының ошақтары енгізілді,бұл туралы ветеринария басқармасының ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметті көрсету бөлімінің басшысы Гүлназ Төлеубекқызы баспасөз мәслихатында баянадады. Цифрлық көшірмеге ветеринария бойынша осы салада
Жаңалық

Ақша үнемдей отырып 2024 жылға қалай сақтандырылуға болады?

2023 жыл да аяқталуға жақын. МӘМС жүйесінде сақтандырылып үлгермеген азаматтар бұл мүмкіндікті қалт жіберіп алмау керек. Олар желтоқсан айының соңына дейін жарна төлесе, жаңа жылмен салыстырғанда 9 000 теңге кем төлейді.