Жетісу облысыҚоғам

Мәртебелі театр – өркениеті өскен елдің еншісі

Бүгін 27 наурыз — Халықаралық театр күні. Бұл мереке ғұмырын сахнада өткізетін әртістердің ғана емес, өнерсүйер қауымның төл мейрамы. Мереке қарсаңында облыстағы өнер ордасының қарашаңырағы Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының ұжымы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында БАҚ өкілдерімен кездесіп, театрдың тыныс-тіршілігі жайлы баяндады.
«Театрға келушілер де құрметтеушілер де уақыт өткен сайын көбейіп келеді. Қазір рухани жағынан театрда мәдени жарылыс болып жатыр десек артық емес. Біздің тараптан бір жарым ай ішінде көрермен назарына 3 спектакль ұсынылды. Барлығын мақтанышпен айта аламыз. Әр спектакль өзінің көрерменін тапты. Әрине барлығының көңілінен шығу мүмкін емес, бірақ 90 пайыз өнерсүйер қауым театрға ағылуда. Сондықтан үлкен бір жетістігіміз деп білемін. Театрдың жетістігі ол өңірдің жетістігі. Мұнымен тоқтап қалмаймыз, алдағы уақытта да үлкен жоспарларды жүзеге асыру ойда бар. Оған өздеріңіз де куә бола жатарсыздар», — деді театрдың көркемдік жетекшісі Данияр Жоламанұлы.
1975 жылдан іргесі қаланған өнер ұжымында елуге жуық әртіс қызмет етеді. Оның ішінде театрдың тыныстап бастаған сәтінен бері еңбек етіп келе жатқан жандар да бар. Атап айтсақ, ҚР Мәдениет қайраткері, «Дара медалінің иегері – Нұрмұхамбетова Мәкен Дүбекқызы. Театрмен бірге жасасып келе жатқан өнер иесі де пресс-конференцияда қонақ болды.
«Кез келген ұлттың руханиятын сілкінтіп, мәдениетін қалыптастыратын ең ұлы өнер ордасы – театр сахнасы. Ал осы киелі өнердің жолында тер төгіп жүрген әртістердің қызметі – сауапты әрі жауапты. Бүгінгі театр күні бүкіл дүниежүзі тойлайтын мереке. 1961 жылдан бері тойланып келе жатқан мейрамды 100-ден астам мемлекет атап өтеді екен. Бүгін тағдырын театрмен байланыстырған кәсіп иелері үшін ерекше күн», — деді Мәкен Дүбекқызы.
Ұлт құндылықтарын насихаттап, рухани жаңғыру жолында тарихтың бет-бедерінен тағылымы мол дүниелерді көрермен назарына ұсыну -ұлтымыздың рухани темірқазығын сақтаумен тең. Осы орайда ұлы істерге дара да сара жол салып келе жатқан Биапа театрының ұжымын мерекемен құттықтай отырып, сәттілік тілейміз!

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тексеріс жүргізілуде

Қаржы мониторинг Агенттігінің нұсқаулығына сәйкес, Жетісу облысы экономикалық тергеп-тексеру  департаментімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларға тұрақты түрде талдау жұмыстары жүргізілуде. Ақпаратпен облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары бөлісіп, БАҚ өкілдерінің сауалдарына
Жетісу облысы

Жетісу облысында зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау мәселелері ерекше бақылауда

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Жетісу облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік әкімшілендіру мамандары тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі шаралар туралы айтып берді. Кедендік бақылау
Жетісу облысы

Жаркентте «Социалистік Еңбек ардагері» Күләш Айтжанова дауыс берді

Панфилов ауданы, Жаркент қаласында Социалистік Еңбек ардагері Күләш Айтжанова референдумға белсене қатысып, өз таңдауын жасады. Күләш Айтжанова бала кезінен еңбек етіп, қажырлы әрі табанды болып өскен ұрпақтың көрнекті өкілі. Өңірімізде
Жетісу облысы

Сарыөзекте 14 баланың анасы дауыс берді

Сарыөзек ауылының тұрғыны, 14 баланың анасы Гүлназ Шакенова №189 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Көпбалалы ана референдумның өз отбасына да маңызы зор екенін атап өтті. «Бүгінгі дауыс беру – ертеңгі