Қоғам

Шағын отбасылық жатақханалар мен хостелдер арасында өрт қауіпсіздігі бойынша өткен сынақтан жетіспеушіліктер байқалды

Өрт сөндіру  және жергілікті полиция  қызметкерлері «ЖАТАҚХАНА» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. 13-17 қараша аралығында облыс бойынша 36 нысанға рейд жүргізілді. Айта кету керек, олардың жартысына жуығында адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін өрт қауіпсіздігінің әртүрлі белгілері анықталған. Тексерушілер ең алдымен не нәрсеге назар аударды? Бұл туралы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» ақпараттық алаңында Жетісу облысы ТЖД мемлекеттік өртке қарсы бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Сергей Огай мен Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің аға инженері,  облыстық азаматтық қорғау аға лейтенанты Еламан Әубәкіров хабарлады. 

«Рейдтік іс-шаралар барысында 18 заң бұзушылық анықталды. Олар көбіне уақытша жалға беріліп отырған пәтерлерде орын алып отыр. Мысалы, электр желілерін монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу, апатты баспалдақтардың шығу жолдарын жабу, белгіленбеген жерлерде темекі шегу болып табылады. Әзірге айыппұл салынған жоқ, бірақ аз отбасылардағы пәтер иелеріне заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс хаттар берілді. Сонымен қатар, жатақхана тұрғындарымен өрт қауіпсіздігі талаптарын білу және сақтау бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізілді», — деді Сергей Огай.

Өз баяндамасында аға лейтенант Еламан Әубәкіров тексеріс кезінде көпқабатты үйлерде газ баллондарын пайдаланып жүрген тұрғындар да анықталғанын атап өтті .

«Қазіргі уақытта Жетісу облысының әкімдігіне хат жолданды. Аудандағы қанша тұрғын үй газ баллондарын пайдаланып жатқанын тексереміз. Біз өз тарапымыздан осы үйлердің тұрғындарымен үгіт-насихат шараларын жүргізіп, көпқабатты үйлерде, 2 қабаттан жоғары газ баллонын пайдалануға болмайтынын түсіндірудеміз. Осы заңбұзушылықтардың алдын алу үшін жергілікті атқарушы органмен де түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», — деп қосты екінші спикер.

Жалпы, негізгі ережелерді сақтамау салдарынан жыл басынан бері өңірде 330 өрт оқиғасы орын алған. Оның 70 пайызынан астамы тұрғын үй секторынан байқалды.

Related Posts

Қоғам

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың 3-ші кезеңі басталады

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі негізінде еліміздегі жалпыға бірдей декларациялау 4 кезеңнен тұрады. Нақтырақ: 1 кезең – 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастау алды.
Жетісу облысы

Жетісуда 21 мыңнан астам адамды тұрақты жұмысқа орналастыру жоспарлануда

Биыл «2024 жылға арналған өңірлік жұмыспен қамту картасы» шеңберінде 33,5 мың адамды, оның ішінде 21 мың азаматты тұрақты жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Тұжырымдама аясында және бос жұмыс орындары есебінен осы жылы
Жетісу облысы

Жетісу облысында құрылыс жұмыстарының сапасына 24 млн. теңгеге жуық айыппұл салынды

Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Саят Қараласов жыл басынан бері құрылыс жұмыстарының сапасына 24 млн. теңгеге жуық айыппұл салынғанын атап өтті. Қазіргі
Жетісу облысы

Жетісу облысында вегатациялық кезең сәтті өтті

Жетісу облысында вегатациялық кезеңнің өтуі аяқталды, биыл шаруалардан 2 шағым түсті. Мұндай ақпаратпен Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің «ҚАЗСУШАР»  шаруашылық жүргізу құқығындағы  республикалық мемлекеттік кәсіпорынның