Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында вегатациялық кезең сәтті өтті

Жетісу облысында вегатациялық кезеңнің өтуі аяқталды, биыл шаруалардан 2 шағым түсті. Мұндай ақпаратпен Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің «ҚАЗСУШАР»  шаруашылық жүргізу құқығындағы  республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Жетісу филиалының директоры Саят Құдайбергенов бөлісті.

Жалпы облыста 3 қоймасы бар, атап айтсақ, Алмалы, Ақешкі, Ащыбұлақ су қоймалары. Сонымен қатар бүгінде Қызылағаш су қоймасы салынып жатыр. Вегетациялық  кезеңде суармалы су беруге бекітілген жоспар көлемі 1 007 543,7 мың м3 орындалды. Жинақталған  судың  көлемі бекітілген 146 592 гектар алқапты тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Жыл сайын филиал мамандары суару желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Сондай ақ облыс бойынша су шаруашылығы жүйесін жақсарту бойынша бірқатар іс шаралар жүргізілуде:

—  Ескелді  ауданындағы  Алмалы,  Ақешкі, Ашыбұлақ  су қоймаларын, Алакөл ауданындағы Тентек өзеніндегі су  тарту  су  торабын,  Ақсу  ауданындағы Биен өзеніндегі су торабын, Қаратал ауданындағы Үштөбе магистральдық каналын қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде;

—  Ақсу, Алакөл, Ескелді, Панфилов аудандарында жаңа су қоймаларын салуға техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде;

—  Көксу  ауданында  «Көксу  ауданының  суару  желілерін реконструкциялау» жобасы жүзеге асырылуда.

Related Posts

Жетісу облысы

Скандал с массажными накидками в Жетісу: потребители потеряли миллионы

В области Жетісу продолжает расти количество потребителей, пострадавших от покупки массажных накидок на крупные суммы в кредит. С начала года в департамент торговли и защиты прав потребителей обратилось 7 человек,
Жетісу облысы

Жетісу облысында құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған жаңа жоба жүзеге асырылады

Жетісу облысының тұрғындарын қоғамдық бақылау саласындағы құқықтық сауаттылықтарын арттыру үшін жаңа жоба жүзеге асырылмақ. Басты мақсат - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және оларда қоғамдық бақылау саласында дағдыларды қалыптастыру бойынша оқыту
Жетісу облысы

Қызылша. ЖРВИ. Ковид. Жетісу облысындағы эпидемиологиялық жағдай қандай?

Жетісу облысында қызылша бойынша жағдай тұрақталды. Облыстың бас санитарлық дәрігері Асхат Чарапиев осылай деп мәлімдеді. Егер өткен жылдың желтоқсан айында сырқаттанушылық 218 жағдай болса, биылғы жылы қаңтар айында 156-ға дейін
Жетісу облысы

Жетісу облысы Әділет департаменті: Жыл қорытындысы және «Робот сот орындаушы» жобасын енгізу

2024 жылы Әділет департаменті шалғайдағы ауылдық елді мекендерде 65-ке жуық «Құқықтық кабинетін» ашты, бұл жергілікті тұрғындар үшін құқықтық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етті. Бұл туралы облыстық Әділет департаментінің басшысы Ержан