Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған жаңа жоба жүзеге асырылады

Жетісу облысының тұрғындарын қоғамдық бақылау саласындағы құқықтық сауаттылықтарын арттыру үшін жаңа жоба жүзеге асырылмақ. Басты мақсат — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және оларда қоғамдық бақылау саласында дағдыларды қалыптастыру бойынша оқыту іс шараларын өткізу. Бұл туралы Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен БАҚ өкілдерімен кездесуде Жетісу облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы  Ерғазы Қошанбеков, жоба жетекшісі Бақыт Қалиева және « BasQaru» қоғамдық қорының жетекшісі Марғұлан Ермағанбетұлы айтып берді.

«Бұл жоба ҚР Қоғам бақылау туралы Заңын басшылыққа ала отырып, қоғамды  ақпараттандыру үшін жасалып отыр. Оған 18 жастан бастап кез келген жастағы азаматтар қатыса алады. Бақ сынау үшін өңірдің 8 аудан, 2 қаласының тұрғандары өтінім бере алады. Жоба аясында 10 шағын грант беріледі. Әр  гранттың  құны  –  300 000  теңге. Шағын  грант  аясында қоғамдық бақылауға байланысты әрбір аудан, қалада  2-3  іс-шара  ұйымдастырылады. Қоғамдық бақылау топтары құрылады. Өзін-өзі басқару жүйесі жанданады. Кездесу семинарларына арнайы спикерлер тартылады және сұрақтарға жауап беріледі. Жоба соңында облыстық деңгейде қорытынды семинар ұйымдастырылады», — дейді спикерлер.

Нәтижесінде облыс бойынша кемінде 1000  тұрғын  арасында қоғамдық бақылау саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыру күтілуде.

Одан бөлек, облыста мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға арналған әлеуметтік жоба жайлы да сөз болды. Оның аясында көрсетілетін қызметті алушыларға сауалнама жүргізіледі және қызметтердің сапасын бағалау үшін «құпия сатып алушы» әдістемесі бойынша Жетісу облысының мемлекеттік органдарына барады. Сондай-ақ, аудандардағы проблемалық қызметтер бойынша сұхбаттар ұйымдастырылмақ.

 

 

 

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында Антикор 10 мыңнан астам кәсіпкерлердің құқығын қорғады

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Саян Ахметжанов БАҚ өкілдерімен кездесуде өңірдегі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын жүзеге асыру барысы туралы мәлімдеді. Сыбайлас
Қоғам

Жетісу облысының мемлекеттік архив филиалдары құжат сақтайтын ғимаратты қажет етеді

Жетісу облысының мемлекеттік архивінің құрамына 10 филиал кіреді. Яғни: Ақсу, Сарқан, Алакөл, Қаратал, Кербұлақ, Текелі, Көксу, Ескелді, Панфилов  және жеке құрам бойынша Талдықорған бөлімі. Аталған ғимарат мамандары жұмысын тыңғылықты атқарып
Қоғам

Азаматтарға жаңа тұтынушылық кредит беруге тыйым салынатын заң жобасы әзірленді

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірленді.
Қоғам

Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы – 2023» жастар сыйлығы

Жетісу өңірінде ең креативті, бастамашыл және дарынды жастар таңдалмақ. Облыс әкімінің жыл сайынғы «Көшбасшы-2023» сыйлығына іріктеу және ұсыну бойынша өтініштер қабылдау мерзімі  қараша айының 20-сынан басталды. Қатысу шарттары мен ережелерін