Жаңалық

Алматы облысында 5 миллиард теңгеге жуық субсидия қаржысы ұрланған

Алматы облысының прокуратурасы облыстың ауыл шаруашылығы басқармасын тексеру нәтижелері бойынша бюджеттік субсидияларды ұрлаудың, оларды заңсыз төлеудің және шаруаларға «таңдау әдісімен» төленген жүйелі схемаларын анықтады, — деп хабарлайды Alatau24.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Прокуратураның қадағалау актісі бойынша өтеу процесі басталып, бүгінде бюджетке 110 миллион теңге қайтарылды.

Ауылдардағы әлеуметтік-өндірістік кооперативтер асыл тұқымды жануарларды алу мақсатында селекциялық жұмыстарға арналған 1,2 миллиард теңге субсидияны ұрлаған. Іс жүзінде бұл жұмыстар орындалмай, құжаттар ресми түрде ресімделіп, облыста асыл тұқымды мал саны ұлғайтылмаған», — делінген хабарламада.

Облыс әкімдігінің есептік деректері бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқаны айтылды.

«Асыл тұқымды қойларды селекциялау бағдарламасын іске асыру нәтижелері бойынша 4 жылда олардың саны 1,9 миллионға дейін ұлғайтылды. Алайда, деректер тек қағаз жүзінде қалды, прокурорлық тексеру облыс бойынша асыл тұқымды қойлардың саны небәрі 367 мың бас екенін көрсетті».

Облыста ауыл шаруашылығын дамытудың тиімділігін талдау жалғасып жатыр. Мысалы, Ұйғыр ауданында тіркелген жануарлар жоқ бола тұрып, 2023 жылы селекциялық жұмыстарды жүргізгені үшін 45,2 миллион теңге сомасына субсидия алды. Субсидия алған кезде бұл кооператив өзінің жеке ауласы ретінде Ұйғыр ауданыны тұрғындарының ауылшаруашылық жануарларын тіркеген.

Әкімдік мал басының нақты сақталуына мониторинг жүргізбегендіктен, мемлекеттік бюджетке залал келтіріліп жатыр. Ұрлау дерегі бойынша соталды 5 тергеу басталып, заңсыз төленген субсидияларды қайтаруға 3 ұсыну енгізілгені айтылды.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жеке сектор тұрғындарына өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады

  Жылыту маусымы басталысымен, Алматы облысында өрт және газбен байланысты оқиғалар саны артып келеді. Бұл кезеңде қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды екенін Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ерекше атап өтуде. Жыл
Жаңалық

Жетісу облысында ЖРВИ-мен ауырғандар саны артты

Жетісу облысында ЖРВИ-мен ауырғандар саны артып отыр. Өткен жылғы эпидкезеңмен салыстырғанда 3,4 есе жоғары. ЖРВИ-мен 14 жасқа дейінгі балалар жиі сырқаттанады. Олар 68,2%.   «ЖРВИ мен тұмаудың 2023-2024жж. эпидемиялық маусымында
Жаңалық

Алматы облысының 12 оқушысы халықаралық жарыстарда топ жарды

2023 жылы Алматы облысының білім саласы үшін жемісті кезең болды. Өтіп баражатқан жылда 12 бірдей оқушы халықаралық білім бәсекесінде оза шапса, 118 бала республикалық деңгейдегі сайыстарда жүлдегерлер қтарынан көрінді, деп
Жаңалық

2024 жылғы шомылу маусымы: Құтқару қызметі қалай жұмыс істеді?

  Шомылу маусымында Алматы облысында судағы қауіпсіздік шараларының нәтижелері айтарлықтай жақсарды. Өңірдегі су айдындарында адамдардың қаза болуын азайту мақсатында кең ауқымды жұмыстар атқарылып, бақылау күшейтілді. Бұл туралы Алматы облыстық Төтенше