Жаңалық

Алматы облысының 12 оқушысы халықаралық жарыстарда топ жарды

2023 жылы Алматы облысының білім саласы үшін жемісті кезең болды. Өтіп баражатқан жылда 12 бірдей оқушы халықаралық білім бәсекесінде оза шапса, 118 бала республикалық деңгейдегі сайыстарда жүлдегерлер қтарынан көрінді, деп жазды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Облыстың атын асқақтатқан оқушылардың бір парасы Іле ауданынан шыққандар. Атап айтар болсақ, Іңкәр Самат пен Рауан Аутай VEX әлемдік роботехника чемпионатына қатысып, Техас штатында өткен Бүкіләлемдік білімділер додасында қатысып І орынға ие болды. Ал Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобалар ХІІІ халықаралық конкурсына қатысқан Нұрсұлтан Согиндиков үшінші орынды қанжығасына байлады. Сонымен қатар, «Математика және жобалау» халықаралық конкурсында Іле ауданы №47 орта мектебінің оқушылары Жасамир Какишев пен Станислав Лиханов ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Сондай-ақ, облыс мектептерінен International Math Challenge (IMC) олимпиадасы, Халықаралық STEM олимпиадасы, “IITU ROBOCON-2022” FIRST Global Challenge робототехникадан халықаралық «FIRST Global Winning Allance Award», Халықаралық робототехника жарыстарына 7 оқушы қатысып, 6-уы жеңіс тұғырынан көрінді.
Бұдан бөлек, «FIRST Global Challeng» робототехникадан өткен халықаралық жарыста Ұйғыр ауданының оқушылары ІІІ орынға табан тіреді. Ал, озаттарды баптаған, ұстаздары арнайы номинация иегерлері атанды. Мәселен, «Judges awards» номинациясын Ұйғыр ауданының мұғалімдері Ұлболсын Бақбергенқызы, Диас Қадір және «Best mentor award» номинациясын Бахытжан Исаев, Азим Таиров иеленді.
Халықаралық білім сайысында жеңімпаз атанғандардың қарасы қалың. Бұл қатарда әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейдің оқушылары Ансар Орынбасар мен Ерасыл Меденовтіңде барын атап өткен абзал. Қос жүйрік, «Infomatrix ASIA– 2023» халықаралық жарысында 1 орыннан көрініп, Алматы энергетика және байланыс университетінің грант иегері атанды.
Білім бәсекесінде асығы алшысынан түскендердің бірі Есік «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің үздіктеріде бар. Тарқатар болсақ, Евразиялық ІТ жобалары бойынша халықаралық олимпиадасында Алимхан Курманов «Туймаада» халықаралық олимпиадасында Нұралы Серікбай 3 орынға табан тіреді.

Облыс орталыңы Қонаев қаласының оқушыларды да жарады. «Buketov» физика пәнінен халықаралық олимпиада Қонаев қаласы орта мектеп-гимназияның оқушылары Аяжан Сарсенова мен Нұртөре Мырзаханов І және ІІІ дәрежелі дипломдарды облыс қоржынына салды.
Осылайша, озат оқушылардың білім биігінен көрінуінің арқасында Алматы облысы Ғылыми жобалар конкурсы бойынша командалық есепте Республика бойынша І орынға шықты.

Related Posts

Жаңалық

Шеңгелдіде мал жаятын жер жоқ – ауыл тұрғындары

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Қонаев қаласындағы кездесуінде тұрғындар Шеңгелдіде жайылым жердің тапшылығына шағымданды. Айтуларынша, бұл мәселе көптен бері өз шешімін таппай келеді. Ал ауылдың жан-жағы түгел суармалы алқаптар, ауыл
Жаңалық

Сыбайлас-жемқорлық мәселесі басты назарда

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы облыстық филиалында «2025 жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алу рәсіміндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында кездесу өтті. Шара барысында
Жаңалық

Жетісу облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Жетісу облысында қызылша бойынша жағдай тұрақталып келеді. Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық төмендеді. Өткен жылдың желтоқсанында – 218 жағдай тіркелді, 2024 жылғы қаңтарда – 131. Өңірде қосымша жаппай иммундау жұмыстары
Жаңалық

Алматы облысында 1 ақпанан бастап «Мал ұрлығын тоқтату» жобасы іске қосылды

Алматы облысы прокуратурасы мен уәкілетті мемлекеттік органдар бірлесе отырып мал ұрлығын азайту мақсатында жоба бастады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысының прокурорының көмекшісі Мергалым Смагулов баяндады. Спикердің