ҚоғамҚұқық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесінде 282 пәтер Талдықорған қаласының әкімдігіне қайтарылды

2022 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өз қызметін негізгі салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, халықтың мүдделерін қорғауға және бюджетке келтірілген залалдың алдын алуға бағыттайды. Өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесінде ұсынымдар іске асырылды. Нәтижесінде экологиялық бұзушылықтар үшін әкімшілік айыппұл салынып, бюджет қаражатын қайтарылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаңында «Жетісу облысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру туралы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Оралбек Жұмағалиев және департаменттің бірінші орынбасары Тимур Темірәлиев толығырақ айтып берді.
Спикердің айтуынша, облыстың сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына сәйкес, Талдықорған қаласы әкімдігінің жер учаскелерін беру саласында жүргізілген сыртқы талдау аясында анықталған жалған шешімдерінің фактілері қисынды қорытындыға ие болды.
Жер инспекциясы жер учаскелерін жеке меншікке беру туралы 27 қаулының бұрмаланғанын растады. Қылмыстық іс қозғалды. Тұрғын үй секторында 2022 жылы тұрғын үй беру және басымдық мәселелерінде әлеуметтік шиеленісті жеңілдету мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысы жүргізілді. 2023 жыл ішінде мемлекеттік тұрғын үй қорына заңсыз берілген 71 пәтер қайтарылды, сотқа 200-ден астам талап-арыз түсіп, заңсыз кезекте тұрған 2664 пәтер тізімнен шығарылды.
Баяндама бойынша жіберілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг материалдары қылмыстық іс қозғауға негіз болды. Оның шеңберінде 1,3 млрд теңгенің 282 пәтері әкімдік балансына қайтарылды. Білім беру саласы бойынша қала аудандарының 100% қамтылуы сыртқы талдаумен қамтамасыз етіліп, 270 млн. теңгеге жуық ұрлық әшкереленді.
Ішкі мемлекеттік аудит органдарының мәліметінше, қазірдің өзінде 89,6 млн. теңге өтелді. 3 аудан бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, бір іс сотқа жолданды.
Әкімшілік практика бойынша өндіріп алынған айыппұлдар сомасы
3 864 000 теңгеге жетті.

Related Posts

Қоғам

Қарызсыз қоғам: Алматы облысының сарбаздары қаржылық сауаттылықтарын арттырды

Жоба аясында өңірде жалпы 9 мыңға жуық азамат қаржылық сауатын арттырды. Бүгін Қонаев қаласындағы 32363 әскери бөлімінде «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылықты оқыту бойынша ауқымды жоба жалғасты. «Бүгін аманаттықтар
Қоғам

Алматы облысында 2200-ден астам радиотехника есепте тұр

Бұқара жылдам интернетті талап еткенімен, кейбірі байланыс операторларының арнайы мұнараны орнатуына қарсылық көрсетеді. Ғылыми түрде радиофобия деп аталатын, бұл қорқыныштың қоғамға әсері қандай? Алматы облысы өңірлік коммуникациялыр қызметі алаңында өткен
Жетісу облысы

«Мерейлі отбасы» байқауына өтінім қабылдануда

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына құжаттар қабылдау жүргізілуде. Конкурсқа өтінімдер 15 маусымға дейін қабылданады. Байқау отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған. Конкурсқа еңбек жолында, спорт, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен
Жетісу облысы

Жетісу облысында 415 қызметкердің құқығы қорғалды

2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында еңбек инспекциясы басқармасы қызметкерлердің жазбаша өтініштері негізінде 25 тексеру жүргізіп, 28 заң бұзушылық анықтады. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Жетісу облысы бойынша еңбек инспекциясы бойынша