Қоғам

Қарызсыз қоғам: Алматы облысының сарбаздары қаржылық сауаттылықтарын арттырды

Жоба аясында өңірде жалпы 9 мыңға жуық азамат қаржылық сауатын арттырды. Бүгін Қонаев қаласындағы 32363 әскери бөлімінде «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылықты оқыту бойынша ауқымды жоба жалғасты.

«Бүгін аманаттықтар қаржылық сауаттылық бойынша әскери қызметшілерге сабақ өткізуде. Осы жобаға қатыса отырып, қаражатты тиімді жұмсауды, артық шығындарға ұрынбауды, сонымен қатар белгілі бір деңгейде отбасылық кіріске жоспар жасап, оны жоспарлы түрде жұмсау секілді дүниелерді үйрендік. Әскери бөлімнің атынан рахметімізді айтамын», – дейді гвардия аға лейтенанты Шешхан Оразай.

Айта кету керек, қазір миллионнан астам қазақстандық несиесін төлей алмай жүр. Мемлекет басшысы тұрғындардың кредитті шамадан тыс алуы қатты алаңдататынын айтып, азаматтарды жаппай қаржылық сауаттылыққа оқытудың ауқымын кеңейтуді тапсырған еді.

Осыған байланысты жыл басында «AMANAT» партиясы Halyk Bank-пен бірлесіп, «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын.

Related Posts

Жетісу облысы

Талдықорғанда қала күні ауқымды түрде атап өтіледі

Биыл қала күнін тойлау Талдықорған қала мәртебесін алғанына 80 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Әр жыл сайын бұл мереке қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Мерекелік іс-шаралар айдың басынан, соңына дейін
Жетісу облысы

Талдықорғанда жүзуге тыйым салынған 8 орын табылды

Жаз айларының аптап ыстығында бос уақытын жағалауда өткізгісі келетіндердің қарасы қалың болары сөзсіз. Алайда, әрбір демалушы қауіпсіздік шарасын қаперде ұстағаны абзал. Талдықорғанда өткен  жылдың 7 айында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 1
Жетісу облысы

Жетісуда МӘМС жүйесі бойынша 568 мың азаматтың денсаулығы сақтандырылған

Жетісу облысында тұратын 698 мың адамның 568 мыңы МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Өздеріңіз білетіндей, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басты міндеті – пациенттердің құқықтарын қорғау. Сондықтан қордың мамандары көрсетілетін қызметтердің сапасына үнемі
Жетісу облысы

МЦПС «Хоргос» внедряет меры по цифровизации таможенных операций

Департамент государственных доходов по области Жетісу запустил пилотный проект по внедрению информационной системы «Таможня» для регистрации и контроля перевозки товаров физическими лицами на таможенном посту МЦПС «Хоргос». Система разработана на