Жетісу облысы

Жетісу облысында аудитпен қамтылған қаражат саны 17 млн. теңгеге жетті

Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан ағымдағы жылдың соңғы 11 айында 106 жоспардан тыс және  14 жоспарлы аудиторлық іс – шара жүргізілді. Атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша өңірдегі аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы көлемі 16 988,7 млн теңгені құрайды. Арасындағы камералдық бақылау бойынша анықталған мемлекеттік сатып алу сомасы  4 412,5 млн. Осы жайында Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында Облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаменті башысының орынбасары Қуаныш Сағымбаев баяндап берді.
Комитеттің тапсырмалары, құқық қорғау органдарының жіберілген шағымдары мен өтініштері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың «е-Өтініштер» арқылы түскен арыз-шағымдары жоспарсыз тексеріске негіз болған.
«Есепті кезеңде жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген жауапты тұлғалардың жауапкершілігін қарау мақсатында аудит объектілеріне 111 нұсқама жіберілді. Оның 86-сы орындалды. 6 нұсқама бойынша орындау мерзімі келген жоқ. Қалған 19-ының 13-і бойынша тексеру материалдары Жетісу облысының прокуратурасына берілді. 6 нұсқама бойынша  сот процессі жүргізілуде. Жүргізілген бармақ бастылық нәтижелері бойынша бақылау объектілерінің 113 лауазымды тұлғалары  тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімінен — 1, Коксу ауданының аталған орнынынан — 2, Жетісу облысының білім басқармасынан – 1 тұлға жұмысынан босатылды. 314 лауазымды тұлғаларға 23,7 млн. теңге әкімшілік жаза қолданылып, 15,5 млн. теңге мемлекет әмиянына қайтарылды. Қалған 8,2 млн теңгесін бюджетке өндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.», — дейді Қуаныш Сағымбаев.
Биыл аталған департаментке бақылау жұмыстарын жүргізу бойынша есепті кезеңде жеке және заңды тұлғалардан барлығы 1 123 өтініш келіп түскен. Сұраныстың 1 029-ы қаралып, 60-ы қайта бағытталды. 34 өтініш қаралуда.

Related Posts

Жетісу облысы

Қаратал ауданында газдандыру бойынша 58 % жұмыс көлемі орындалды

Бұл туралы БАҚ өкілдерімен кездесуде Қаратал ауданының әкімі Ұлан Әлдибекұлы мәлімдеді. Қаратал ауданы бойынша 35 елді мекенінің 19-ы газдандыруға жатады. Жоспарланған 19 елді мекенді газдандыру нәтижесінде 2025 жылы ауданның 39
Жетісу облысы

Жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңінің аяқталуына бір ай қалды

Жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі 15 қыркүйекте аяқталады. Яғни, кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары мен олардың жұбайлары осы уақыт аралығына дейін ел аумағындағы және шетелдегі активтері жөнінде дерек ұсынуы тиіс. Жалпы
Жетісу облысы

Наурыз мейрамы мен Қасиетті Рамазан айына арналған санитарлық-эпидемиологиялық шаралар

Наурыз мейрамы мен Рамазан айының басталуына байланысты Жетісу облысында тамақтан улануды қоса алғанда, ықтимал аурулардың алдын алу үшін санитарлық-эпидемиологиялық шаралар қабылданды. Облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Самат Ахметов осы
Жетісу облысы

Жетісу облысында жұқпалы аурулар белең алып тұр

Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар оның ішінде вирусты гепатит А, қызылша, көкжөтел белең алуда. Жетісу облысы бойынша қызылшаның алғашқы нақтамасымен 1496 жағдайы тіркеліп, оның 1139 жағдайы расталды. Оның ішінде 1035 жағдай