Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысындағы жеке тұлғалардың банкроттығы. Жағдай қалай?

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Жетісу облысындағы жеке тұлғалардың банкроттығына байланысты баспасөз-мәслихаты ұйымдастырылды. Тура бір жыл бұрын наурыз айынан бастап, бүгінге дейін облыста 3 800-ден астам өтініш келіп түскен. Алайда оның ішінде 3 044 өтініш бойынша бас тартылған. Мұның басты себебі тұрғындар арасында қаржылық сауаттылықтың болмауы. Азаматтардың талап, шарттармен таныспай жатып өтініш беруінен дейді Мемлекеттік кірістер департаментінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқарма бөлімінің басшысы Асқар Қамзаев.
«Жетісу облысы бойынша жалпы 3 800-ден астам өтініш келіп түскен, оның ішінде 3 044 өтініш бойынша бас тартылған, қабылданып банкроттық рәсімі басталғаны 735 өтініш, оның ішінде екінші дәрежелі банктер, микроқаржылық және коллекторлық ұйымдардың алдындағы берешек сомасы 651 млн. тенгеден асатын 499 азамат банкрот деп танылды», — деді спикер.
Заңда рәсімнің 3 түрі қарастырылған. Атап айтсақ, соттан тыс банкроттық рәсімі – ең сұранысы көп рәсім. Сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Барлық үш рәсімді тек борышкер өзі ғана бастай алады, яғни оның кредиторлары бұл рәсімдерді бастамашы етуге құқығы жоқ. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген азаматтар өтініш бере алмайды, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болса, осы кәсіпкерлігін жауып барып, жеке тұлға ретінде өтініштерін беру керек.
«Соттан тыс банкроттыққа өтініштер бұл рәсім бойынша өтініштерді E-gov веб-порталы немесе «E-salyg Azamat» мобилды қосымшасы арқылы қабылданады. Өтініштер «QOLDAU.KZ» веб-порталының TAZALAU сервисіне келіп түседі, одан кейін, бұл жүйеде автоматты түрде борышкердің кіру шарттарына сәйкестігін анықтау мақсатында мүдделі мемлекеттік және басқа органдардың деректерімен салыстыру жүргізіледі», — деп толықтырды Асқар Берікболұлы.
Азаматтарға банкроттық танылғаннан кейін 5 жыл несие алудан шектеледі. Тек 7 жылдан кейін ғана қайта банкроттыққа жүгіну құқығы болады. Және 3 жыл бойы қаржылық жағдайына мониторинг жүргізілетін болады.Өз кезегінде, спикер банкроттық рәсімдерге қатысты оларды толық түсінуді және тиімді қолдауды қамтамасыз ету үшін неғұрлым белсенді ақпарат алмасу және халықпен консультациялар жүргізу қажеттігін атап өтті.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында мемлекеттік аудит нәтижесінде 1,4 млрд теңге қаржылық бұзушылық анықталды

Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024 жылдың алғашқы 10 айында белсенді жұмыс атқарып, мемлекеттік ресурстардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету және қаржылық заңдылықтардың сақталуын бақылау бойынша бірқатар маңызды шараларды
Жетісу облысы

«Ақсу қант» ұжымы өз таңдауын жасады

Өңірді қантпен қамтамасыз ететін ұйымшыл ұжымның бірі «Ақсу қант» зауытының қызметкерлері дауыс беру учаскесіне ауызбіршілік танытып бірге келді. «Қазіргі уақытта зауытта жұмыс қызу, тәтті түбір қабылдау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Қауырт
Жетісу облысы

Жетісу қыздары 2024 жылдың қыркүйегінде адам папилломавирусына қарсы егіле бастайды

Жатыр мойны обырының дамуына адамның папиллома вирусынан туындаған инфекция әсер етеді. Вирусты жұқтырудың және оның дамуын болдырмаудың жалғыз жолы  - вакцинация. Сондықтан биыл қыркүйек айынан бастап адам папилломавирусына қарсы екпе
Жетісу облысы

Жаркенттік Жақыбаевтар әулеті дауыс берді

Мәуелі бәйтеректей жайқалған Жақыбаевтар әулетінен 33 адам бір мезетте Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы № 326 дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Бұл әулет жазиралы Жаркентте туып, өсіп-өніп, ұрпағын өрбітіп