Саясат

Алматыда «Балаларға кітап сыйла» акциясы өтті

Алматыда «Жанұя» жетім балаларға арналған мамандандырылған кешенінің тәрбиеленуші балаларына «Балаларға кітап сыйла» акциясы өткізілді. Ұйымдастырушы – «Жаухар» ұлттық салт-дәстүрді қолдау қоры.

Шараға белгілі меценат, «Аssyltas» қоғамдық қорының негізін қалаушы, қалалық мәслихат депутаты Дулат Тастекеев және «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қоры, «Алматыкітап» баспасы» ЖШС қолдау білдірді.

Жасөспірімдер мен балаларға арналған танымдық энциклопедия мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды ескере отырып, ұйымдастырушылар орыс және қазақ тілдеріндегі мамандандырылған арнайы 3D форматтағы кітаптарды табыстады.

Шара аясында белгілі сценарист Алмас Сағынұлы және «Ыстық ұя» қайырымдылық қорының директоры, блогер Аяулым Жорабаева балаларға жылу лебіздерін білдірді.

«Жаухар» ұлттық салт-дәстүрді қолдау қорының директоры Медет Бекбергеннің айтуынша, жобаға 100-ден астам жас ұрпақтын таным көкжиегін артыраттын түрлі жанрдағы баспа өнімдері ұсынылған.

«Акцияның басты мақсаты балалар арасында кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Сондай-ақ кітап оқуды насихаттау, оқу мәдениетін қалыптастыру», – дейді Медет Бекбергенов.  

Қор директорының сөзінше, биыл қор қалалық жастар саясаты басқармасының тапсырысымен жастардың оқу белсенділігін арттыру мақсатында «BookVibe» атты жоба жүзеге асырылмақ. Оның аясында 20-дан астам іс-шара ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Related Posts

Жетісу облысы

Талдықорғанда 986 мүгедектігі бар азамат дауыс беру құқығына ие

Талдықорғандағы дауыс беру учаскелерінде барлық тұрғынға, оның ішінде мүгедектігі бар азаматтарға дауыс беру үшін тең жағдай жасалған. Көру және тірек-қимыл аппараты бұзылған дауыс берушілер үшін «Инватакси» қызмет көрсетіп, оларды дауыс
Жетісу облысы

Ұстаздар династиясы Исабековтер дауыс берді

Исабековтер - ұстаздар династиясы. Исабекова Бақытгүл Нұрсұлтанқызы Жаналық мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі 18 жыл. Анасы – Исабекова Мариямхан Нұрақынқызы 40 жыл бастауыш сынып мұғалімі болған. Талай шәкірттерді тәрбиелеген
Жетісу облысы

Ескелді ауданында мәдениет саласының өкілдері дауыс берді

Республикалық референдумда ауданның мәдениет саласының өкілдері өз таңдауларын жасады. Олар Қоңыр ауылындағы №124 және Қаратал ауылындағы №105 дауыс беру учаскелерінде дауыс берді. «Біз мәдениет саласында жүрсекте бүгінгі референдумға қатысып дауыс
Қоғам

«Алакөл» және «Нұр жолы» кеден бекеттерінде жүзеге асырылған пилоттық жоба сынақтан сәтті өтті

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленіп, жүзеге асырылып жатқан «CarGoRuqsat» және «CarGoAlem» ауыр жүк көлігі жүргізушілеріне еркін экономикалық аймақта болуды алдын ала жоспарлауға, кіру және шығу күндерін жоспарлауға мүмкіндік береді. Соның