Мәдениет

Қонаев ардагерлері Жеңіс паркін тазалады

Қаламызда «Киелі мекен» акциясы жалғасуда. Бүгін аталған эконауқанның аясында ардагерлер мен жастар бірлесіп, қаладағы Жеңіс паркін тазалады.

Бұл парк былтырдан бері күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Жасыл желектер егіліп, ағаштар әктеліп, орындықтар мен қоқыс жәшіктері ауыстырылып, гүлзарлар жасалған болатын. Сондай-ақ мұнда ҰОС-ға қатысқан ардагерлердің суреті бейнеленген панно орнатылып, шағын сәулеттік нысандар қойылды. Ең бастысы – парктің аумағында Ауған соғысы мен ҰОС арналған үлкен екі ескерткіш бар.

Бұл күні саябаққа ардагерлер мен жастардан 100 адам жиналып, парк аумағын қоқыстан, жерге түскен сары жапырақтардан, арамшөптерден тазартты. Ескерткіштердің төңірегі сыпырылып, жұртшылық бір адамдай еңбек етті. Нәтижесінде бұл жерден 35 қап қоқыс шығарылды.

«Өткеннен сабақ алмай, келешекке қадам баса алмаймыз. Осындай тарихи ескерткіштердің жан-жағы таза болып тұрса, ұрпақтарымыз ата-бабаларына үнемі тағзым жасап тұрса, керемет емес пе? «Киелі мекен» акциясын бұқара түгелдей қолдауы керек деп ойлаймын. Себебі, бұл – жай ғана сенбілік емес, бұл – балаларға тәрбие беру, халықты тазалыққа шақыру», — деді Ауған соғысының ардагері Алдажар Сейітұлы шараны қорытындылап.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында санитарлық тексерулер басталады

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бақылау іс-шараларының кестелерін немесе тізімдерін жасайды. Объектілерді таңдау тәуекелді бағалау критерийлеріне негізделген автоматты түрде болады. Бұл бақылау субъектілерін таңдау кезінде адам факторын
Қоғам

Жетісу облысында  «Өзіңді көрсет» облыстық стартап жобалар байқауы жарияланды

«Ортақ шаңырақ» жобасы аясында ұйымдастырылатын  «Өзіңді көрсет» облыстық стартап жобалар байқауы жарияланды.                                                      ЕРЕЖЕСІ 1.ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР: «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ,  «Қоғамдық келісім» КММ.   2.БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ  
Жетісу облысы

«Мерейлі отбасы» байқауына өтінім қабылдануда

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына құжаттар қабылдау жүргізілуде. Конкурсқа өтінімдер 15 маусымға дейін қабылданады. Байқау отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған. Конкурсқа еңбек жолында, спорт, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен
Жетісу облысы

Жетісу облысында жаңа тұрғын үй бағдарламалары жүзеге асырылуда

Бүгін облыста «Жетісу жастары» жобасы бойынша тұрғын үй сатып алуға өтінімдерді қабылдау басталды. «Отбасы банк» АҚ мен облыс әкімдігінің бірлескен жобасы алғаш рет 2022 жылы іске асырылып 30-дан астам жас