Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында санитарлық тексерулер басталады

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бақылау іс-шараларының кестелерін немесе тізімдерін жасайды. Объектілерді таңдау тәуекелді бағалау критерийлеріне негізделген автоматты түрде болады. Бұл бақылау субъектілерін таңдау кезінде адам факторын жояды деп түсіндірді Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Самат Ахметов.

Тәуекелдерді бағалау жүйесі 0-ден 100-ге дейінгі индикаторларға негізделген негізгі құрал. Заң талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда объектілерге тәуекел көрсеткішіне  сәйкес  ұпай  беріледі. Мұндай саралау жоғары, орташа және төмен тәуекел дәрежесі бар объектілерді анықтауға мүмкіндік береді.

«Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігі мен Санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау  комитеті  кәсіпкерлік субъектілері үшін есеп беру  рәсімдерін  айтарлықтай жеңілдететін, сондай-ақ тексерулерді жоспарлау тәртібін автоматтандыруды қамтамасыз ететін «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» жаңа электрондық жүйесін әзірлеп, сынақтан өткізуде. Бұл санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді. 2024 жылға рұқсат беру талаптарының сақталуын тексеру – 105 нысан, бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау – 64 нысанда жоспарлануда», – деп қорытындылады Самат Ахметов.

Related Posts

Қоғам

Бикен Римов атындағы Талдықорған драма театры Түркіменстандағы театр фестиваліне аттанбақ

Жетісу облыстық Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры 14-16  қараша   аралығында  Түркіменстанның Мәдениет министрлігі  және ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының бірлесіп ұйымдастыруымен Ашхабад қаласында өтетін «Театральное исскуство эпохи счастья» театр  фестиваліне қатысады.
Жетісу облысы

Декларация тапсырмаған азаматтар айыппұл төлейді

Облыс орталығында жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі жүріп жатыр. Оған  жыл басынан бері мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары қатысуда. Басты  мақсат  –  әділ салық салуды қамтамасыз ету, жеке тұлғалардың кірісін
Жетісу облысы

2023 жылы Жетісу облысында 800-ден астам тұрғынды қаңғыбас ит қапқан

Жетісу өңірінде қаңғыбас иттердің қаптауы өзекті мәселелердің біріне айналды. Күн өткен сайын әлеуметтік желілерде азаматтардың арыз-шағымдары жазылған жазбалар қарқын алуда. Тұрғындардың қауіпсіздігін кім қамтамасыз етеді? Қандай шаралар қабылдау қажет? Жетісу
Жетісу облысы

Cыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру жүзеге асырылуда

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында Жетісу облысының әлеуметтік тұрақтылығына әсер ететін, мемлекеттік органдардың атына халық тарапынан қоғамдық резонанс пен сынмен сүйемелденетін 9 бағыт айқындалған. Бүгінде оның 8-і қамтылып, өзекті мәселелерді оңтайландыру