Жаңалық

Алматы облысында «бір күндік клиника» жобасы бастау алды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен еліміздің 7 өңірінде жүкті әйелдерде ұрық диагностикасының тиімділігін арттыруға және «бір терезе» қағидаты бойынша көмекті ұйымдастыруға бағытталған пренаталдық диагностика орталықтарын құру жөніндегі жоба басталған болатын. Осы орайда, ағымдағы жылдың желтоқсан айында Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының базасында «БІР КҮНДІК КЛИНИКА» жобасы басталды.

«Ұрықтың пренатальды диагностикасының сапасын жақсарту, балалар арасында сырқаттанушылық пен мүгедектікті уақтылы диагностикалау және алдын алу, ұрықтың туа біткен ақауларынан нәресте өлімін азайту мақсатында «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК базасында сараптамалық деңгейдегі ультрадыбыстық зерттеуді, биохимиялық скринингті және генетикалық консультацияны қамтитын «БІР КҮНДІК КЛИНИКА» жобасы іске қосылды. Жүкті әйелдер үшін Volution E6, volution e10 және volution e20 диагностикалық тиімділігі жоғары ажыратымдылығы бар заманауи аппараттарда «бір терезе» қағидаты бойынша бір күн ішінде пренаталдық скрининг жүргізу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының жемісті ынтымақтастығының арқасында жүзеге асырылуда», — деп бөлісті Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева.

Орталықта жүкті әйелдерге ультрадыбыстық және биохимиялық скрининг жүргізіледі, оған генетиктер мен акушер-гинекологтар кеңес береді. Көрсеткіштер бойынша ұрықтың инвазивті пренатальды диагностикасы жүргізіледі. Даму патологиясы анықталған кезде, пренатальды көпсалалы консилиумда жүктілікті жалғастыру немесе тоқтатудың одан әрі тактикасы анықталады. Көпсалалы комиссияның құрамына генетик дәрігер, ультрадыбыстық маман, акушер-гинеколог, балалар кардиохирургы, балалар нейрохирургы және неонатальды хирург кіреді. Комиссия отырысында отбасына анықталған аурудың барлық салдары, жүктілікті ұзарту туралы шешім қабылдау кезінде баланың өмірінің болжамы және мүгедектік дәрежесі түсіндіріледі.

«Бір күндік клиника жүкті әйелдерге бір күн ішінде барлық тексерулерден өтуге мүмкіндік береді. Мұнда «бүгін және қазір» принципі маңызды рөл атқарады. Біз жүкті әйелдерге мемлекеттік тегін медициналық көмек аясында медициналық диагностика мен емдеудің ең заманауи әдістерін ұсына алатынымызға сенімдіміз», — дейді АККА директоры Эльмира Берикова.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында жоғарғы вольтты 10 станция салынады

«Тарифті инвестицияға айырбастау» тұрғындар үшін керекті жоба. Өйткені, тұрмыстың сапасы мен әлеуметтік жағдайға әсер ететін басты фактор- тариф. Бұл тіпті Мемлекет басшысының жолдауында да айқындалған. Сол себепті бүгін Өңірлік коммуникациялар
Жаңалық

Алматы облысында 100-ден аса ойын терминалдары жойылды

Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тұрғындарды құмар ойын бизнесімен күреске шақырады, деп хабарлайды Алматы облысы Өңірілік коммуникациялар қызметі. Спикердің айтуынша, Қазақстан Республикасында заңнамасына сәйкес ойын бизнесі объектілері Алматы облысының Қапшағай су қоймасының
Жаңалық

Қонаев қалалық соты жыл басынан 3800-ден астам істі қарады

  Қонаев қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жыл басына 3800-ден астам іс түсті. Олардың басым бөлігі жол-көлік оқиғаларына қатысты . Бұл туралы сот төрағасы Әлинасыр Қадыров Өңірлік
Жаңалық

Қарасай ауданында өндіріс көлемі 360 млрд теңгеге жетті

  Қарасай ауданының экономикалық өсімі қарқынды түрде жалғасуда. Өндіріс көлемі 360 миллиард теңгеге жетіп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 миллиард теңгеге артық. Бұл туралы Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Рустам Атшабаров