Жаңалық

«AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы Қайназар ауылында болды

Қабылдауға 40-қа жуық азамат келді. Рахат ауылдық округінің іргесіндегі саяжай тұрғындарын алаңдатып отырған мәселе аз емес көрінеді

Жарықтың жиі сөнуі, электр желілерінің талапқа сай келмеуі, жолдың жүруге де жарамайтындығы, қаза болғандарды жерлейтін жердің жетіспеуі, көпір мен жолаушылар тасымалының түйткілдері тұрғындарды мезі етті.

«Билік қарап отырмай, мәселені заң аясында шешіп-ақ жатыр. Дегенмен сайжай тұрғындарын мазалаған мәселенің бірі реттелсе, енді бірі алдан шығады. Сол үшін біз облыс әкімдігенен өзімәщ тұрған аумаққа елді мекен мәртебесін беруді жиі өтініп келеміз», – дейді Рахат ауылдық округінің тұрғыны Тимур Сәрсембаев.

Ауылдық ардагерлер кеңесінің төреағасы Бақберген Әшімов, Қайназар ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мекпетпті күрделі жөндеуден өткізу жұмысы кешеуілдеп келе жатқандығын, сонымен қоса, мектеп ғимаратын көгілдір отынмен қамтамасыз етуде қиындықтар барын жеткізді.

Өз кезегінде депутаттар кейбір сұрақтарға заң аясында түсінік беріп, шешу жолдарын айтты. Кейбір сұрақтарды шешу үшін тиісті мекемелерге хат жолданып, орындалысы бақылауда болатынын жеткізді.

«Шалғайда орналасқан халық партияның аудандық немесе облыстық филиалына жол ұзақтылығына байланысты әрдайым келе бермейді.
Сондықтан, біз тұрғындардың түйінді мәселелерін алға тартып келуін күтіп отырмай, өзіміз келуге тырысамыз. Мұндай кездесулердің халыққа тиімділігі жоғары. Өйткені, бұл мобильдік қоғамдық қабылдаудың басты мақсаты шалғай елді-мекендегі тұрғындардың, азаматтардың өтініш-тілектерін тиісті мемлекеттік органдарға жеткізу», – деді Аслан Кубентаев.

Айта кету керек, облыстық «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауына жыл басынан бері 3 546 өтініш келіп түскен. Бұл мәселелердің 65%-ы қазіргі уақытта шешімін тапты.

Related Posts

Жаңалық

Балалар арасындағы өкпе қабынуы азайды

Былтыр Алматы облысының орталығында балалар арасында өкпе қабынуы жиі кездескен. Қонаевтық дәрігерлердің айтуынша, қаңтарда сырқаттанушылық деңгейі салыстырмалы түрде төмендеп келеді. Қазірде көпсалалы аурухананың балалар бөлімінде 20-дан аса бала ем қабылдап
Жаңалық

Алматы облысында тұңғыш ішекті симфониялық оркестр құрылды

Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясына 6 ұйым қарайды. Биыл бұл қатарға ішекті симфониялық оркестр қосылды. Әзірге ұжымда 17 өнерпаз бар. Олар скрипка, виолончель, альт, кантробаст пен баян аспатарында ойнайды. Алдағы
Жаңалық

Алматы облысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі

Апаттар мен оқиғалардың негізгі себептері өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан орын алады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің салааралық бақылау және