Жаңалық

Алматы облысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі

Апаттар мен оқиғалардың негізгі себептері өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан орын алады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің салааралық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Қадыров Ерлан баяндады.
Аталған департамент ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес Мемлекеттік қызметтің 4 түрін ұсынады. Мәселен, есепке қою және есептен шығару, қауіпті өндірістік объектіні салуға,реконструкциялауға, жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу істері атқарылады. Сонымен қатар, жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсатамалар жасау. Емтихан алатын комиссия мүшелерінің білімін тексеруде департаменттің құзыретіне кіреді

Спикердің айтуынша, былтыр қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға 117 жоба қаралды. Оның ішінде 103 жобаға рұқсат берілді. Ал, техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару бойынша департаментке 983 өтініш келіп түссе, 27 өтініш бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізуге қатысты болған.
Ерлан Қадыров, ҚР Азаматтық қорғау туралы Заңының 79-бабына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелері мен уәкілетті орган белгілеген тәртіппен үш жылда бір рет емтихан тапсырып, нәтижесінде сертификаттар берілетінін айтты.

«Облыс бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заң бұзушылықтар тіркелген жоқ»,-дейді Ерлан Қадыров

Еске салайық, қызметтерді алу үшін өтініштерді «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жіберуге болады.

Related Posts

Жаңалық

Жетісу облысында қызылша бойынша жағдай тұрақталып келеді

Өңірде қосымша жаппай иммундау жұмыстары 27 қарашадан бастап жүргізіліп жатыр. Жоспарланған 52 900 адамның 49 608 егілді, қамту 93,8% жетті. Бүгінде қызылша бойынша жағдай тұрақты бақылауда, эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр.
Жаңалық

«Жетісу ділмарлары» пікірсайыс  жобасы жүзеге асуда

«Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі  қолдауымен биылғы жылдың қараша айына дейін «Жетісу ділмарлары» пікірсайыс  жобасы жүзеге асуда. Бұл жайлы аталған бірлестіктің  үйлестірушісі Дархан Асқанбаев пен жобаның қоғаммен байланыс жөніндегі маманы
Жаңалық

МӘМС: Алматы облысында 28 мыңға жуық ота жасалды

Алматы облысында биыл МӘМС жүйесі арқылы 27 700-ден астам ота жасалды. Жоғары технологиялық бұл операциялардың басым бөлігі кардиохирургия, нейрохирургия және ЛОР бағытында.Бұл туралы ӘМСҚ Алматы облыстық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев
Жаңалық

Қонаев қаласының ұстаздары марапатталды

Бүгін Алматы облысының орталығында мұғалімдер күні тағы атап өтілді. Салтанатты шарада Қонаев қаласының ұстаздары марапатталды. Жиында шаһар басшысының орынбасары Нұрсолтанова Сәуле сөз алды. «Бұл орны бөлек, дәрежесі биік, ең ұлы