Жетісу облысыҚұқық

Өткен жылы Жетісу облысының соттары 17 мыңнан астам азаматтық істі қарады

Өткен жылы Жетісу облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарына 17 303 азаматтық іс пен талап-арыз келіп түсті. 2022 жылмен салыстырғанда түсімнің өсуі 26,7% — көрсетеді. Мұндай деректерді Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьясы Диляра Избаирова бөлісті.
Спикер атап өткендей: «2023 жылы өтініштер бойынша 11 515 іс қозғалды. Олардың қатарында татуластыру рәсімдері, жеңілдетілген өндіріс, аумақтан тыс соттылық, сот төрелігін жүзеге асыру спасы, жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша өтініштерді қарау практикасы, ӘРПК, істерді апелляциялық тәртіппен қайта қарау және істерді кассациялық тәртіппен қайта қарау бар».
Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Асхат Гапуовтың айтуынша, тергеу соттары бойынша 2023 жылдың басынан бастап Жетісу облыстық және оған теңестірілген соттар бойынша 3 256 өтінішхат пен шағым қаралды. Оның ішінде 3 097-сі қанағаттандырылды, ал 159-ы бас тартылды. ҚПК-нің 106-бабы бойынша прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне және шешімдеріне шағымдарды сотта қарау тәртібінде 49 шағым қаралып, 40 шағым бас тартылды дейді.
Айта кетейік, 2023 жылдың 12 айында Жетісу облысының соттары 65 тұлғаға қатысты 180 348 480 теңгеге айыппұл салынған. Бұл ретте 35 адамға қатысты 163 мың теңгеге жуық айыппұл сыбайлас жемқорлыққа байланысты салынған.

Related Posts

Жетісу облысы

Ақсулық ақсақалдар референдумға белсенді қатысуға шақырды

Ақсу, Сарқан аудандарының Құрметті азаматы О.Исанованың, Ақсу ауданының Құрметті азаматы Д.Мұхаметшаровтың, Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Айтбаевтың, аудандық әжелер кеңесінің төрайымы Б.Құрманғалиеваның өздеріне бекітілген дауыс беру учаскелеріне барып, өз таңдауларын жасады.
Қоғам

Жетісуда жол апатынан 123 адам қаза тапты

Әлемде жыл сайын жол-көлік оқиғаларының саны артып келеді. Бұл зардап Қазақстанның да осал тұсы. Өткен жыл қорытындысымен салыстырғанда еліміздегі жол апаты көрсеткіші 9 пайызға дерлік өскен. Сондай-ақ  Жетісу облысы да
Жетісу облысы

Талдықорғандағы нашар көретін адамдарға жолды кесіп өтуге жаңа құрылғы ойлап табылды

Талдықорғанда 1973-тен астам көру қабілеті нашар адамдар бар. Сол үшін жолдарды кесіп өтуді жеңілдету үшін инновациялық құрылғы әзірленді. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Анар Нұрмахан бағдаршам сигналдарын дауыспен сүйемелдеудің бірегей жүйесін
Жетісу облысы

Сан алуан ұлт өкілдері бірліктің үлгісін көрсетті

Ынтымағы мен ырысы жарасқан Текелі қаласында тұратын сан алуан ұлт өкілдері республикалық референдумға белсенділікпен қатысып, «Болашақ үшін дауыс береміз!» деп ұран тастады. Қазақ, орыс, неміс, татар, өзбек, кәріс ұлтының өкілдері