Жаңалық

Қонаев қаласының ұстаздары марапатталды

Бүгін Алматы облысының орталығында мұғалімдер күні тағы атап өтілді. Салтанатты шарада Қонаев қаласының ұстаздары марапатталды.

Жиында шаһар басшысының орынбасары Нұрсолтанова Сәуле сөз алды.

«Бұл орны бөлек, дәрежесі биік, ең ұлы мереке. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Бүгінгі күні Қонаев қаласы мен ауылдық білім беру мекемелерінде 1300 педагог қызмет атқаруда», – деді әкімнің орынбасары.

Сәуле Нұрсолтанованың айтуынша, жас мамандарға тұрақты түрде мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

«Былтыр «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2 маманға жалпы сомасы 9,6 млн. теңге берілді. Ал биыл 7 маманға 2,4 млн. теңге көтерме жәрдемақы төленді», – деді ол.

Қала әкімінің орынбасары ұстаздар мен мектеп ұжымдарының жеткен жетістіктерін атап өтіп, педагогтерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Шарада ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен Раушан Закериянова, Шамила Ормамбекова, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалімен Дания Коспаева марапатталды. Сондай-ақ министр Ғани Бейсембаевтың Алғыс хаты бірқатар ұстазға берілді. Ал Назгүл Каримоваға Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасы табысталды. Ардагер ұстаздар да назардан тыс қалмай, марапатқа ие болды. Қала әкімінің Алғыс хатымен, Құрмет грамотасымен марапатталғандар қатары да аз емес.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін станция қойылады

  Жолдың жағдайын ретке келтіру мемлекеттік саясаттық басым бағыттарының бірі. Бүгінгі күнге Алматы облысындағы жолдың 93 пайызы қанағаттандырарлық жағдайда. Жыл сайын жол құрылысына және оны күтіп ұстауға қазынадан қаржы бөлінеді.
Жаңалық

Алматы облысында жылыту мауысы кезінде 224 өрт оқиғасы тіркелген

Төтенше жағдайлардың көпшілігі жылыту маусымы кезінде жеке тұрғын үйлерде орын алатыны белгілі болды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы
Жаңалық

МӘМС жүйесінің мүмкіндігі зор – Ләззат Әсетқызы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің толыққанды іске қосылғанына биыл төртінші жыл. Осы уақыт ішінде ол өзінің тиімділігін дәлелдеді ма? Әлде пайдасынан зияны көп пе? Бүгін осы және өзге де сұрақтар