Жаңалық

Алматы облысында оқушыдан туберкулездің ашық түрі анықталды

Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең ауылындағы мектептердің бірінде оқушыдан туберкулездің ашық түрі анықталды.
Фото: https://gkb-8.ru/news/art1287.html

Бұл ақпаратты Қарасай аудандық білім басқармасы растады. Анықталғандай, 18 қараша күні А. С. Пушкин атындағы орта мектепте аудандық орталық аурухананың жылжымалы медициналық көлігі келіп, 15 жастағы оқушыларды флюорографияға түсірген.

2024 жылдың 20 қарашасында мектептің медбикесіне аудандық ауруханадан фтизиатор маманы хабарласып, 9-сынып оқушысынан туберкулездің ашық формасы анықталғанын хабарлады. Аталған оқушы 19 қарашадан бастап сабаққа қатыспаған.

Мектепте санитарлық-эпидемиологиялық шаралар дереу қолға алынып, сыныпта тазалау жұмыстары жүргізілді. Жұқпалы ауру анықталған сынып оқшауланып, кабинетте 5% гипохлорид ерітіндісімен дезинфекция жасалды.

«Пән мұғалімдері мен кіші қызметкерлер арасында туберкулезге қатысты санитарлық-эпидемиологиялық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жұқпалы ауру анықталған сынып оқушыларына оқшауланған режимде білім беру ұйымдастырылды. 22 қараша күні оқу аяқталғаннан кейін мектеп аумағында жалпы көлемі 4200 шаршы метр жерге «Дезинфекция» ЖК мекемесі дезинфекция жүргізді», — делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта мектеп аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қорытындысын күтуде. Соған сәйкес, қосымша шаралар қабылданады.

Мамандардың айтуынша, білім алушыларға әзірге қауіп жоқ.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында АИТВ-инфекциясына қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Өткен жылы Алматы облысында АИТВ-инфекциясының 263 жаңа жағдайы тіркелді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3 жағдайға азайған. Өкінішке қарай, індет жабыстырғандар арасында 1 мен 4 жас аралығындағы балалар да бар. Алматы
Жаңалық

Қонаевтағы ескерткіштердің аумағы тазаланды

Елімізде «Киелі мекен» эконауқаны өтіп жатыр. Аталған акция мәдени мұралар мен ескерткіштердің аумағын тазалап, абаттандыруға арналған. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс орталықтарында да қарқынды жүріп жатыр. Бүгін Абай Құнанбайұлы мен Қонаев
Жаңалық

Алматы облысында орман өрті   2  есеге азайды

Тілсіз жау айтып келмейді. Күн жылына дала өрті өршитіні ақиқат. Мамандардың айтуынша,  наурыздың жиырмасы мен қарашаның бірі аралығы өртке қауіпті кезең деп саналады.  Бүгінде Алматы облысында 9 табиғи өрт оқиғасы