Жаңалық

Қонаевтағы ескерткіштердің аумағы тазаланды

Елімізде «Киелі мекен» эконауқаны өтіп жатыр. Аталған акция мәдени мұралар мен ескерткіштердің аумағын тазалап, абаттандыруға арналған.

Бұл бағыттағы жұмыстар облыс орталықтарында да қарқынды жүріп жатыр. Бүгін Абай Құнанбайұлы мен Қонаев шаһарының алғаш іргесін қалаушылардың құрметіне тұрғызылған ескерткіштердің төңірегі тазаланды.

Тарихқа көз жүгіртсек, 1963 жылы 23 қаңтарында құрылысшылардың бірінші тобы келіп, 1965 жылғы 25 ақпанда Қапшағай ГЭС-і құрылысы басталған. Ал 1970 жылғы 9 шілдеде картада Қапшағай қаласы пайда болды. 1980 жылы Қапшағай ГЭС-і қолданысқа берілді. Сондықтан бұл ескерткіштің қала тұрғындары үшін маңызы зор.

Ал халық данасы Абай Құнанбайұлының елге еткен еңбегі жайлы айтпаса да баршамызға түсінікті. Шаһар ардагерлері мен жастар бірлесіп, 2 ескерткіштің маңайынан 15 қап қоқыс шығарды. Акцияға 100-ге жуық адам қатысты.

Жалпы қала мен оған қарасты ауылдық округтерде 15 тарихи және мәдени ескерткіштер бар. 1 апта ішінде тазалық жұмыстарымен барлық аймақ қамтылады деп жоспарланған.

Related Posts

Жаңалық

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ

Документ: ПРАЙС ALATAU24 ИП «ALATAU MEDIA» − собственник информационного агентства «Alatau24.kz» информирует кандидатов, участвующих о предоставлении интернет площадей для размещения предвыборных агитационных материалов кандидатов в депутаты маслихатов в территориальные избирательные
Жаңалық

Алматы облысында жыл басынан балық аулау маусымында 2 адам көз жұмған

  Өңірде балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 31 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды. Балық аулау маусымы күзгі және қысқы мезіл деп екіге
Жаңалық

Қарасайда науқастың жүрегіне электрлік кардиостимулятор орнатылды

64 жастағы Қарасай ауданының тұрғыны талай жылдан бері жүректің ишемиялық ауруымен күресіп келген. Бұл - жүректе қанайналымы толық тоқтағандықтан немесе қажетті шамадан кем болғандықтан дамитын сырқат. Шілденің соңында азамат инсульт
Жаңалық

Алматы облысының 3 ауданында магнитті-резонансты томография кабинеті ашылды

Алматы облысының Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасы мен Қонаев қалалық ауруханасында магнитті-резонансты томография қолданысқа берілді. Қуаты 1,5 Тесла болатын "GE Signa Voyager" магнитті-резонанстық томографының сараптамалық жабдығы облыс әкімдігі мен денсаулық сақтау