Жаңалық

Алматы облысында жыл басынан балық аулау маусымында 2 адам көз жұмған

 

Өңірде балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 31 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды.

Балық аулау маусымы күзгі және қысқы мезіл деп екіге бөлінеді. Табиғат аясында демалысқа шығып, балық аулауды ермек ететіндер үшін бұл мезгіл ең қолайлы уақыт. Деседе, тәртіпке бағынбай, қарапайым ережелерді қаперге алмайтындарда көп.

ТДЖ мамандарының айтуынша, балық аулау кезеңі басталғаннан бері 2 адам көз жұмған. Қайғылы оқиғаның орын алуының басты себебі, қауіпсіздік ережелерін сақтамау.

«Қыс мезгілінде су айдындарында мұз қатады. Оның қалыңдығы 25 см-ден жоғары болуы тиіс. Біздің әуесқой балық аулаушы азаматтар, мұздың жұқалығын назарға алмайды. Одан қала берді, арнайы құтқару құрылғыларын алуды ұмыт қалдырады. Тым болмаса, қорғаныс күртесі мен сигнал беретін құрылғыны жандарына ұстап жүруі тиіс. Сондай-ақ, отбасымен демалысқа шыққанда, спиртті ішімдік ішу салдарынан балаларын қараусыз қалдырып жатады. Оның соңы жақсылыққа алып келмейді»,-дейді Алматы облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Ералы Разакулов

Департамент тарапынан қайғылы оқиғаның алдын алу мақсатында профилактикалық шаралар жүйелі түрде өткізіледі. Мәселен, науқан басталғанан бері балық инспекциясымен бірлесіп 2156 рейд ұйымдастырылған.

Рейдтік шара барасында сақтық ережелерін сақтамағандар анықталып, айыппұл салынған. Бүгінге 398 мың теңгеден астам айыппұл төленген.

Төтеншеліктер,қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді

Related Posts

Жаңалық

Жаслан Мәдиев: Алатау қаласы — «ақылды қала»

Кездесуге цифрлық даму министрігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Алматы облысымен Алатау қаласы әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ байланыс операторлары мен«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өкілдері қатысты. ​Халықпен кездесу барысында министр облысты қолжетімді интернет
Жаңалық

Алматы облысында 1 ақпанан бастап «Мал ұрлығын тоқтату» жобасы іске қосылды

Алматы облысы прокуратурасы мен уәкілетті мемлекеттік органдар бірлесе отырып мал ұрлығын азайту мақсатында жоба бастады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысының прокурорының көмекшісі Мергалым Смагулов баяндады. Спикердің
Жаңалық

Алматы облысында «бір күндік клиника» жобасы бастау алды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен еліміздің 7 өңірінде жүкті әйелдерде ұрық диагностикасының тиімділігін арттыруға және «бір терезе» қағидаты бойынша көмекті ұйымдастыруға бағытталған пренаталдық диагностика орталықтарын құру жөніндегі жоба басталған
Жаңалық

Светлана Жақыпова Алматы облысының тұрғындарымен кездесті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Алматы облысына жұмыс сапары аясында өңір активімен кездесу өткізді. Ол Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін іске асыру барысы туралы айтып, әлеуметтік-еңбек