Жаңалық

Алматы облысының 3 ауданында магнитті-резонансты томография кабинеті ашылды

Алматы облысының Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасы мен Қонаев қалалық ауруханасында магнитті-резонансты томография қолданысқа берілді. Қуаты 1,5 Тесла болатын «GE Signa Voyager» магнитті-резонанстық томографының сараптамалық жабдығы облыс әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен орнатылды. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева бұл қызмет түрі облыс тұрғындары үшін МӘМС шеңберінде тегін көрсетілетінін атап өтті.

— Өңірде 1,5 млн-нан астам халық тұрады. «Дені сау ұлт» жобасы аясында сатып алынған 3 МРТ аппараты халық тығыз орналасқан аудандарға орналастырылды. Осы уақытқа дейін аудан тұрғындары МРТ түсу үшін Алматы қаласына баратын. Бүгінгі күні пациенттер диагностикалық қызметтердің барлық спектрін МӘМС шеңберінде ала алады, — деді Лейла Серікбаева.

Аталған құрылғымен жұмыс жасау үшін медицина қызметкерлері арнайы біліктілік курстарынан өтті. МРТ аппараты — миды, мойын тамырларын, мойынның жұмсақ тіндерін, омыртқа мен жұлынды, сүйек-буын жүйесін, іш қуысы мен жамбас мүшелерін, кеуде қуысының мүшелерін зерттеуге мүмкіндік береді.

Related Posts

Жаңалық

Ескелді ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды

Ауданға жалпы 19,4 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді, 8230 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сумен жабдықтау және газдандыру жобасы аясында газға 12 ауыл қосылды. Қалған елді мекендерді газдандыру 2025
Жаңалық

2024 жылы МӘМС үшін қанша төлейміз?

МӘМС жарналары мен аударымдары бойынша ставкалар өзгеріссіз қалады. Бірақ базалық есептік көрсеткіштің – ең төменгі жалақының (ЕТЖ) – жаңа мөлшерлерінің бекітілуіне байланысты төлем сомалары өзгереді. Сонымен, келесі жылы МӘМС-ке қанша
Жаңалық

Талант пен ерекшелік: Қонаев қаласындағы дарынды оқушылар жетістіктерінің форумы

2024 жылдың 13 маусымында Қонаев қаласының Мәдениет үйінде «Дарынды оқушылар жетістіктері форумы» атты айтулы шара өтті. Бұл дарынды балаларды қолдауға және ынталандыруға бағытталған шара. Халықаралық, республикалық олимпиадаларда өңіріміздің абыройын асқақтатқан
Жаңалық

Кегенде МӘМС есебінен 12 млн теңгеге науқас балалар оңалтудан өтті

Жыл басынан Кегендегі аудандық ауруханасына қарасты оңалту орталығында 12 млн теңгеге жуық қаржыға 60-қа тарта бала тегін емдеуден өтті. Мұндай мүмкіндік денсаулығында кінәраты бар жеткіншектерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі